Canon компаниясы ауыстырмалы объективтері бар цифрлық камералардың әлемдік нарығында 23 жыл қатарынан көшбасшылығын сақтап келеді
Canon Inc. Компаниясы бүгін ауыстырмалы объективтері бар цифрлық камераларының (цифрлық айналы және айнасыз камералар) 2003 жылдан 2025 жылға дейін 23 жыл қатарынан әлемдік нарықтағы үлесі бойынша көшбасшылығын сақтап келе жатқанын жариялады.
Canon шығаратын EOS сериялы ауыстырмалы объективтері бар цифрлық камералар «Жылдамдық, Жайлылық және Жоғары кескін сапасы» тұжырымдамасына негізделген бейне өңдеу жүйесі болып табылады, сол үшін компания меншікті негізгі компоненттерді, соның ішінде CMOS кескін датчиктерін, DIGIC кескін өңдеу процессорларын және ауыстырмалы объективтерді жасап шығарды.
Өнімдердің кең ауқымын — кәсіби мамандар сенім артатын жоғары өнімді флагмандық модельдерден бастап, пайдаланушыларға қарапайым басқарумен толыққанды түсірілімнен ләззат алуға мүмкіндік беретін бастапқы деңгейдегі модельдерге дейін шығару арқылы, сонымен қатар шығармашылыққа орасан зор мүмкіндіктер беретін 1132 RF және EF объективерінің кең таңдауын ұсыну арқылы — Canon өз клиенттерінің алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруды жалғастыра береді.
Цифрлық айнасыз фотоаппараттардың дәурені жүріп тұрғанда Canon компаниясы 2003 жылдың қыркүйегінде өзінің революциялық EOS Digital Rebel / EOS 300D / EOS Kiss Digital (өнім атауы аймаққа қарай әртүрлі болуы мүмкін) камерасын ұсынды. Бәсекеге қабілетті бағасымен, ықшам әрі жеңіл дизайнымен ерекшеленген сол новаторлық камера цифрлық айналы фотоаппараттар нарығының өсуіне серпін беріп, әлемдік нарықта үлес жағынан көш бастап, цифрлық айналы фотокамералар дәуіріне жол ашты.
Содан бері Canon инновациялық өнімдерді шығаруды жалғастырды, соның ішінде кәсіби EOS-1D сериясы, сондай-ақ цифрлық айналы фотокамералардың көмегімен бейнежазба жасауды танымал етуде жетекші рөл атқарған EOS 5D сериясы бар.
2018 жылдың қазан айында компания көрнекі кескін шекарасын одан әрі кеңейтетін EOS R жүйесін шығарды, содан кейін EOS R5 толық кадрлы айнасыз камерасы — 2020 жылдың шілдесінде шығарылған әлемдегі алғашқы3 8K форматында бейне жазатын камера пайда болды, артынша 2024 жылдың қарашасында флагмандық EOS R1 камерасы шығып, кәсіби мамандардың ең жоғары талаптарын қанағаттандыру үшін озық автофокус өнімділігін, жоғары кескін сапасын және жоғары сенімділікті бойына біріктірді. Canon кескін жасау және өңдеу арқылы жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді іздеуді ешқашан тоқтатпайды.
2025 жылы Canon компаниясы EOS R жүйесін одан әрі кеңейтіп, жаңа EOS V сериясындағы креативті бейнетүсірілім мүмкіндіктерін ұсынатын алғашқы модель болып табылатын APS-C матрицасы бар EOS R50 V айнасыз камерасын (мамыр, 2025 ж.), сонымен қатар тәжірибелі әуесқой пайдаланушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жоғары сапалы түсіру мүмкіндіктерін бір камераға біріктірген EOS R6 Mark III толық кадрлы айнасыз камерасын (қараша, 2025 ж.) шығарды.
Оған қоса Canon 2025 жылы RF4 объективтерінің жеті моделін шығарды . EOS R жүйесін үздіксіз жетілдіру арқасында Canon 2003 жылдан бері 23-ші жыл қатарынан ауыстырмалы объективтері бар цифрлық камералардың әлемдік нарығында бірінші орынға мықтап табан тіреді.
- Canon сауалнамасы негізінде.
2. Сатылатын объектив түрлері нарыққа қарай әртүрлі болып келеді. Телеконвертердің 4 түрін қамтиды. 2026 жылдың 24 ақпанында жарияланған объективтер арасында.
3. 2020 жылдың 8 шілдесіне дейін шығарылған ауыстырмалы объективтері бар цифрлық камералардың арасында. Canon сауалнамасы негізінде
4 2025 жылы шығарылған объективтер (RF кинообъективтерін қоса алғанда): RF16-28mm F2.8 IS STM (ақпан, 2025 ж.), RF20mm F1.4 L VCM (сәуір, 2025 ж.), RF75-300mm F4-5.6 (мамыр, 2025 ж.), RF-S14-30mm F4-6.3 IS STM PZ (шілде, 2025 ж.), RF85mm F1.4 L VCM (қыркүйек, 2025 ж.), CN5×11 IAS T/R1 (қараша, 2025 ж.), RF45mm F1.2 STM (қараша, 2025 ж.) — барлығы жеті модель.
[xfvalue_img]
