Қазақстан-Жапония: ДРК алушысынан серіктестік пен бірлескен жобаларға

Қазақстан-Жапония: ДРК алушысынан серіктестік пен бірлескен жобаларға

Көптеген жылдар бойы Жапония Қазақстанға дамуға ресми көмек (ДРК) шеңберінде қолдау көрсетіп, тұрақты дамуға және озық білімді беруге үлес қосты.

Бүгін біздің ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтерілді.

2022 жылдың желтоқсанында қазақстандық «KazAID» халықаралық даму агенттігі мен жапондық «JICA» халықаралық ынтымақтастық агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл "донор-алушы" моделінен үшінші елдер үшін тең құқылы әріптестікке және жобаларды бірлесіп іске асыруға маңызды қадам болды.

KazAID және JICA жыл сайын Орталық Азия мен Кавказ елдері үшін, оның ішінде келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асырады:

* жер сілкінісіне төзімділік және табиғи апаттар қаупін азайту;

* жапондық Кайдзен философиясын қолдана отырып кәсіпкерлікті дамыту;

* ауыл шаруашылығы саласындағы цифрлық трансформация;

* кедендік тәуекелдерді басқару әлеуетін күшейту.

Ынтымақтастықтың бұл форматы Қазақстанның ДРК доноры ретіндегі эволюциясын және оның жетекші халықаралық әріптестермен бірлесіп өңірлік дамуға қосқан үлесін көрсетеді.

Анықтама: JICA Жапония Үкіметінің дамуына ресми көмек көрсететін Атқарушы агенттік болып табылады және 1974 жылы құрылған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.