KazAID халықаралық аренада кеден саласын дамытуды қолдайды
2025 жылғы 3 ақпанда Астана қаласында Орталық Азия және Кавказ елдері (Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) өкілдерінің қатысуымен тәуекелдерді басқару бойынша мастер-жаттықтырушылар (ТМК) бағдарламасының 2-ші жұмыс тобының жұмысы басталды. Іс-шара ағымдағы жылдың 7 ақпанына дейін жалғасады.
Отырыстың негізгі мақсаты кеден кадрларының құзыреттерін нығайту, тәуекелдерді тиімді басқару дағдыларын дамыту және тауарларды шығару уақытын мониторингілеу мен талдау тетіктерін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру болып табылады.
Іс-шараға кеден саласындағы жетекші мамандар, сондай-ақ түрлі елдердің тәуекелдерді басқару жөніндегі Дүниежүзілік кеден ұйымының сарапшылары жиналды.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің оқу-әдістемелік орталығының басшысы Әбілова Ботагөз Нұрсапайқызы, ДКҰ/JICA әлеуетін арттыру жөніндегі директораттың Бірлескен бағдарламасының басшысы Мотохиро Фуджимитсу және Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) жергілікті кеңсесінің жобаларын қалыптастыру жөніндегі кеңесшісі Сатоши Цудзи құттықтау сөз сөйледі.
1-ші отырыс өзара түсіністіктің жоғары деңгейін көрсете отырып, тәуекелдерді басқару саласында мамандар даярлаудың тиімді жүйесін құруға маңызды қадам болды.
"KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің техникалық жәрдемімен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) және жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) әзірлеген жаттықтырушыларды даярлаудың бағдарламасы.
2-ші отырыста даярлаудың біліктілік жүйесін, ересектерді оқыту қағидаттарын, сондай-ақ оқыту қажеттіліктерін талдауды және білім беру бағдарламаларының мақсаттарын айқындауды қоса алғанда, бірқатар маңызды тақырыптар қаралады. Мастер-жаттықтырушыларды даярлаудың тиімділігін арттыруға және тәуекелдерді басқару саласындағы практикалық дағдыларды жақсартуға бағытталған оқыту әдістеріне ерекше назар аударылады.
Іс-шара әртүрлі елдер арасында өзара тиімді әріптестік қарым-қатынас орнату және кедендік технологиялар мен процестер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін тамаша платформа болады.
[xfvalue_img]

5 пікір