Елордада «Халық заңгері»республикалық әлеуметтік акциясы өтті
Қоғамда «Заң мен Тәртіп»идеологиясын насихаттау аясында 31 қазанда Оқушылар сарайында «Халық Заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету, сондай-ақ жүйелі проблемаларды анықтау.
100-ге жуық адам халыққа түсініктеме берді. Олардың ішінде – белгілі адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әкімдіктердің, әділет органдарының, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің қызметкерлері және т.б.
Негізінен азаматтардың сұрақтары қылмыстық істер бойынша қабылданған процестік шешімдермен келіспеушілік, сот шешімін орындамау, жер, тұрғын үй, еңбек заңнамасының талаптарын сақтамау, қорғаншылық мәселелері және т.б.
Акцияны өткізу кезінде қала прокуратурасының қызметкерлері түсіндірме ақпараты бар буклеттер мен парақшалар таратты.
LED-экрандарда алаяқтықтың, дропперлерге қатысты және т.б. алдын алу шаралары бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Акция нәтижесінде елорданың, сондай-ақ Қазақстанның кейбір қалаларының 800-ге жуық тұрғындары мен қонақтары өз мәселелері бойынша кеңестер мен құқықтық көмек алды, олардың бірқатары шешімін тапты, қалғандары бойынша шешім қабылдау жөнінде нақты нұсқаулар берілді.
Астана қаласының прокуратурасы
[xfvalue_img]

9 пікір