СҚО-да полицейлер жасөспірімдерге интернетте кімге сенуге болмайтыны жайлы айтты

СҚО-да полицейлер жасөспірімдерге интернетте кімге сенуге болмайтыны жайлы айтты

«Банктен қоңырау шалу» схемасын қолдана отырып, интернет-алаяқтықтың кез-келген жағдайында 5-6 дропер болады, олар жәбірленушілердің ақшалай қаражатын алаяқтықтарға тапсырады. Жасөспірімдерді интернеттегі қауіптің алдын алу, олардың кибералаяқтардың әрекетіне тартылуына жол бермеу — Жастар ресурстық орталығының қолдауымен Солтүстік Қазақстанның полицейлері түрлі профилактикалық іс-шараларды жүргізе отырып, алдына осындай міндеттер қояды. 

Жұмыстың жаңа түрлерінің бірі интернеттегі қауіпсіздік туралы пікірталас болды. Петропавл қ. әкімдігінің ЖРО-да өткен кездесуде СҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерге әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қарым-қатынас жасау кезіндегі туындауы мүмкін қауіпті жағдайларды талқылауды ұсынды. 

Ең қиыны, егер қылмыскерлер туыстарына қоқан-лоқы жасап, қорқыту арқылы дроперлікке тартқан жағдайда не істеу керектігі аса күрделі сұрақтың біріне айналды. Бұл әлемдік тәжірибедегі интернет-алаяқтықтың белгілі тәсілі. Қорқыныш жасөспірімдерді алаяқтардың айтқанына көнуге мәжбүрлейді. Полиция қатысушыларға дұрыс әрекет ету алгоритмін таңдауға көмектесті: қарым-қатынасты дереу тоқтату және пайдаланушыны бұғаттау, ата-аналарға хабарлау, полицияға жүгіну. 

Тәртіп сақшылары: өзара келісімде өмір сүру үшін сенім қажет, дегенмен қауіпсіздік  мәселесі қаталдықты талап ететінін түсіндірді: интернеттегі бейтаныс адамдардың азғырулары мен қоқан — лоқысына мүлдем төзбеу, ата-аналар мен полиция қызметкерлеріне барынша сенім арту. 

СҚО ПД КҚІБ деректері бойынша облыста 7 айда 425 интернет-алаяқтық тіркелген-өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,2% - ға аз. Бұл полицейлердің тиімді әдістерді пайдаланып, ауқымды жұмысының атқаруының нәтижесі. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.