Ozon Қазақстан айналымы 1,5 есеге өсті

Ozon Қазақстан айналымы 1,5 есеге өсті

Ozon Holdings PLC 2025 жылдың 2-тоқсаны бойынша аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жариялайды. Компания алғаш рет біржолғы табыстармен байланыссыз 2,2 млрд теңге таза табыс алды, ал түзетілген EBITDA 249 млрд теңге мөлшеріндегі рекордтық мәнге жетті.

2025 жылдың 2-тоқсанында Ozon түсімі 87%-ға өсіп, 1,45 трлн теңгені құрады. Қызметтерді қоса алғанда, 2025 жылдың екінші тоқсанындағы айналым (GMV) ж/ж 51%-ға, яғни 6,09 трлн теңгеге өсті. Маркетплейстің Қазақстандағы айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңінің қорытындысына қарағанда 1,5 есеге артты.

2-тоқсанның нәтижесі бойынша компанияның 60,5 миллион белсенді сатып алушысы бар, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 18%-ға көп. Қазақстандағы өсу қарқыны едәуір жылдам: бір жыл ішінде республикадағы белсенді сатып алушылар базасы 1,5 есеге өскен. Клиенттердің адалдығы да артуда: орташа алғанда, әрбір сатып алушы Ozon-нан жылына 30-дан астам тапсырыс береді - бұл бір жыл бұрынғыдан 6 тапсырысқа көп.

Нәтижесінде, 2025 жылдың 2 тоқсанында компания өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  үштен екі тапсырысқа көбірек жеткізген – 539,4 млн. Қазақстандағы тапсырыстар саны одан да жылдам өскен — ж/ж 2 есе.

Компания қойма алаңдарын үштен бірге, яғни 3,7 млн шаршы метрге дейін ұлғайтты. Қазақстан республикасындағы компанияның логистикалық қуаттылығын Алматы фулфилмент-орталығы мен сұрыптау орталығы, Астана фулфилмент-орталығы мен сұрыптау орталығы, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Өскемендегі бес сұрыптау орталығы қамтамасыз етіп отыр.

* Есептіліктің рубльдік көрсеткіштері 2025 жылдың 2-тоқсанындағы орташа бағам бойынша теңгеге аударылған.

Ozon -  логистикалық желісі дамыған көпсанатты маркетплейс. Компания Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, сондай-ақ Қытай мен Түркияда бизнес жүргізеді. Алаңда кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен денсаулық сақтау тауарларына дейінгі 20-дан астам санаттағы 370 миллионнан астам тауар атауы бар. 60,5 миллион белсенді сатып алушы қазірдің өзінде Ozon-ның дамыған логистикалық инфрақұрылымының көмегімен тапсырыстарын алып отыр, бұл сондай-ақ 600 мыңнан аса кәсіпкерге өз тауарларын Ресей мен ТМД елдерінде сатуға мүмкіндік береді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.