Жылыой ауданында 350-ден астам тұрғын өз кәсібін бастау мен дамыту үшін өтінім тапсырды

Жылыой ауданында 350-ден астам тұрғын өз кәсібін бастау мен дамыту үшін өтінім тапсырды

22 шілдеден бастап Жылыой ауданында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы — «Таңдау» жобасына өтінім қабылдау басталды. Жоба өз тиімділігін дәлелдеген бастамалардың бірі саналады. 

Бағдарлама қатысушыларға тек оқыту курсынан өтуге емес, сонымен қатар бизнес бастау немесе кеңейту үшін пайызсыз қайтарымды қаржылай қолдау алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

«Таңдау» жобасы аясында ондаған аудан тұрғыны өз кәсібін бастап немесе кеңейтіп үлгерді: шағын кафе мен балалар студияларынан бастап, жиһаз цехтары, мини-фермалар, сұлулық салондары, IT қызметтері мен медицина кабинеттеріне дейін. Жалпы алғанда, аудан кәсіпкерлерін қолдауға 155 миллион теңге бағытталған. 

Жоба іске асқан уақыт ішінде 105 адам оқудан өтті, олардың 44-і қаржылай қолдауға ие болды. Оның ішінде 18 стартап пен 23 әлеуметтік осал топ өкілдері бар.

Бағдарлама ең сұранысқа ие бағыттарға — қоғамдық тамақтану, білім беру, денсаулық сақтау және шағын өндіріс салаларына басымдық береді. Бұл салаларда жаңа жұмыс орындары жиі ашылады. 

Жобаның басты артықшылығы — тұрақты қаржыландыру моделі: қайтарылған қаражат жаңа қатысушыларды қолдауға қайта жұмсалады. Бұл «Таңдау» жобасының үздіксіз жұмыс істеуіне және көбірек адамға көмектесуіне жол ашады. 

Қатысушылар жан-жақты дайындықтан өтеді: бизнес стратегиясын жасау, маркетинг негіздері, қаржыны басқару және өз идеясын дұрыс таныстыру. Бұл бизнес тек басталып қана қоймай, ұзақ мерзімге есептелген, жүйелі жобаларға айналуына ықпал етеді. 

— Жоба екінші жыл қатарынан табысты іске асып келеді. Мақсаты — аудан бойынша жұмыссыздық деңгейін азайту және ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту. Қуантатыны — бағдарламаға жастар белсенді қатысып жатыр, әсіресе қыз-келіншектер бастамашылдық танытуда. «Таңдау» жобасының жеңімпаздары 2,5-тен 5 миллион теңгеге дейін қаржылай қолдау ала алады, — деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова. 

Тамыз айында бизнес-идеяларды іріктеу басталады. Қатысушылар оқудан өтіп, қолдауға ие болып, өз табыс тарихын бастау мүмкіндігіне ие болады. 

Жоба Еуразия Орталық Азия Қоры (ЕОАҚ) тарапынан, «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен, Жылыой ауданының даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.