Ozon Қазақстан киімдерге кейінгі төлем қызметін іске қосты » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Ozon Қазақстан киімдерге кейінгі төлем қызметін іске қосты

Ozon Қазақстан киімдерге кейінгі төлем қызметін іске қосты

2025 жылдың 26 наурызы – Ozon Қазақстан республикамыздағы сатып алушылар үшін кейінгі төлем қызметін іске қосты. Енді қазақстандықтар "Fashion" санатындағы тауарлардың көпшілігін Ozon тапсырыс беру пункттерінде киіп-өлшеп көргеннен кейін төлей алады. Жаңа қызмет клиенттердің тәжірибесін едәуір жақсартып, тапсырыстардың артуына әкеледі.

Кейінгі төлем қызметі Қазақстан тұрғындарына қолжетімді және тауарларды Ozon пункттерінен тапсырыс беру кезінде қолданылады. Жаңа қызмет киім, аяқ киім және кейбір керек-жарақтарды: бас киім, қолғап, белдік, галстук, әйел сөмкелері, ерлерге арналған барсеткалар және басқа да тауарларды қоса алғанда, Fashion санатының 80%-на дейін қамтитын арнайы "Алғаннан кейін төлеу" белгісі бар тауарларға таралады. Жалпы, кейінгі төлем қызметі 15 миллионнан астам тауарға қолданылады.

Кейінгі төлем қызметін пайдалану үшін, республика тұрғындары тапсырыс беру кезінде "Алғаннан кейін төлеу" әдісін таңдап, банк картасын көрсетуі қажет: қаражат Ozon пунктінде тауарды сатып алу расталғаннан кейін ғана есептен шығарылады. Тапсырыста кейінгі төлем санатындағы тауарлармен бірге басқа да тауарлар болған жағдайда, олар бөлек төленеді: алдын ала төлем жүйесі бар тауарлардың құны бірден есептен шығарылады, ал кейінгі төлем қызметі тапсырысты алғаннан кейін жүзеге асады.

Алғаннан кейін төлеуге болатын тауарлардың жалпы құны сатып алушының маркетплейспен өзара әрекеттесу тарихына байланысты. Кейінгі төлем қызметінің базалық лимиті 100 000 теңгені құрайды және сатып алынған әрбір тапсырыспен ұлғайып отырады.

Ozon Қазақстан - штаб-пәтері Алматыда орналасқан көп санатты маркетплейс. Компания 2021 жылдан бастап елде өзінің логистикалық инфрақұрылымын дамытып келеді. Бүгінде компанияның логистикалық қуаттылығы республикада 2 фулфилмент-орталықты, Алматы мен Астана қалаларындағы 2 сұрыптау орталығын, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларындағы 4 сұрыптау орталығын қамтиды. 2024 жылы Ozon Қазақстан айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.