Ozon.kz сайтында  Қытайдан тауарлар пайда болды

Ozon.kz сайтында Қытайдан тауарлар пайда болды

30 шілде 2024 ж.Ozon Қазақстан отандық сатып алушылар үшін Қытайдан әкелінетін тауарлардың сатылымын ашады. Бір апта ішінде Ozon.kz витринасында қазірдің өзінде сатып алушылар Аспан асты елінің кәсіпкерлерінен тікелей тапсырыс бере алатын 5 миллионнан аса жаңа тауарлар – киім мен аяқ киімнен бастап тұрмыстық техника мен тұрмыстық бұйымдарға дейін пайда болды. Қытайдан тапсырыстарды жеткізу шамамен 3 аптаға созылады және Қазақстанның кез келген жеріндегі сатып алушылар үшін тегін болады.  

Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары тапсырысты еліміздің кез келген өңірінде «ҚазПошта» бөлімшелерінен ала алады. Тапсырысты сайтта немесе Ozon қосымшасында рәсімдеу кезінде ыңғайлы бөлімшені таңдауға болады. Алдағы уақытта компания Қазақстанда «Ozon серіктестік жеткізуін» іске қосуды және оған ірі көлік компанияларын қосуды жоспарлап отыр. Бұл қадам сатып алушыларға тауарларды Қытайдан жеткізу мерзімін едәуір қысқартады. 

Шілде айының соңына дейін Қазақстан тұрғындарына 20-дан астам санаттағы 5 миллионнан аса Қытай тауары қолжетімді болды: киім мен аяқ киім, аксессуарлар мен косметикадан бастап жөндеу жұмысы тауарлары, автокөлік құралдары мен жиһаздарға дейін қолжетімді. Тамыз айында олардың саны бірнеше есе артады. Бұл ретте Аспан асты елінен әкелінетін тауарлардың бағасы Ресейден әкелінетін тауарларға қарағанда орта есеппен 15%-ға төмен.

"Ozon.kz сайтының белсенді сатып алушылар аудиториясы соңғы бір жылда 6 есе өсті. Қытай тауарлырының сатылымының ашылуымен біз оларға сұранысқа ие тауарларды бұрынғыдан да жақсы бағамен ұсына аламыз – біздің тәжірибемізде қытайлық сатушылардың бағасы оңтайлы және сатып алушылар үшін ең тартымды. Сонымен қатар, жеткізу мерзімдері мен әртүрлі ассортименттерге байланысты олар іс жүзінде жергілікті өндірушілермен тапсырыс берушінің назарын аудару үшін бәсекелеспейді»,деп Ozon Қазақстан компаниясының бас директоры Мольдер Рысалиева атап өтті. 

Ozon 2020 жылдан бастап бизнестің трансшекаралық бағытын дамытып келеді. Бүгінгі таңда компанияның Ресейден келген тұтынушыларға тауарларды жеткізетін 100 мыңнан астам қытайлық сатушысы бар. Қытайлық сатушылардың тауарлары ресейлік сатып алушылар арасында танымал: 2023 жылдың қорытындысы бойынша маркетплейс Қытайдан 27 миллионнан астам тапсырысты тұтынушыларға жеткізді.

"Қазақстандық витринадағы ассортименттің осылай кеңеюі тұтынушыларымыздың өсіп келе жатқан алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушылық тәжірибесін жақсартуға көмектесетініне сенімдіміз»,деп Рысалиева айтты. 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.