Ozon Қазақстан Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларында өзінің курьерлік жеткізілімін іске қосады

Ozon Қазақстан Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларында өзінің курьерлік жеткізілімін іске қосады

11 шілде, 2024 ж. — Ozon Қазақстан Республикасының тағы төрт қаласында өзінің курьерлік жеткізілімінің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Енді Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларының сатып алушылары тапсырыстарын Ozon курьерлерімен үйге жеткізу арқылы ала алады. Бұған дейін бұл қызмет тек Астана және Алматы қалаларының тұрғындарына ғана қолжетімді болатын.

Ozon Қазақстан өзінің курьерлік жеткізу географиясын кеңейтті: енді Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент тұрғындары тапсырысты сайтта немесе қосымшада ресімдеу кезінде Ozon курьерімен жеткізуді таңдай алады. Ол тауарларды таңдалған күні көрсетілген мекен-жайға жеткізеді және алушыға барар алдында қоңырау шалып, жеткізу уақыты туралы алдын ала ескертеді. Алғашқы уақытта Ozon-ның курьерлік жеткізуі бұл қалаларда аптасына үш рет 9:00-ден 22:00-ге дейін жүзеге асырылады. Компания алдағы уақытта оның жиілігін аптасына 7 күнге дейін арттыруға ниетті.

Ozon курьерлік жеткізілімін ресімдеу үшін тапсырыстың ең төменгі құны 5 250 теңгені құрайды. Тапсырыс сомасы 5 250-ден 18 500 теңгеге дейін болса, жеткізу құны 1 500 теңгені құрайтын болады. Үлкен сомаға тапсырыс берген кезде, Ozon курьерімен жеткізу тегін болады.

"Біз республика тұрғындарының онлайн-сатып алуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көріп отырмыз: қазір Ozon-да Қазақстан тұрғындары күн сайын 22 000-нан астам тапсырысты ресімдеуде. Біз өз қызметімізді жақсартуға тырысудамыз және клиенттерімізге тапсырыс алудың жаңа ыңғайлы тәсілдерімен жұмыс істеуді жалғастырудамыз. Ozon-ның жеке курьерлік жеткізу географиясын кеңейту - бұл біздің сайттың пайдаланушылары үшін қол жетімділік пен ыңғайлылықты арттырудың тағы бір қадамы", - деді Ozon Қазақстанның Бас директоры Мөлдір Рысалиева.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларының тұрғындары Ozon Қазақстанда 460 000-нан астам тапсырысты ресімдеді. Бұл бір жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда 27 есеге көп. Бұл өңірлердегі сатып алушылар саны да — жылына 10 еседен астамға айтарлықтай өсті.

Бұрын Ozon-ның жеке курьерлік жеткізілімі тек Астана және Алматы қалаларының тұрғындарына ғана қолжетімді болатын. Басқа қалалардың тұрғындары тапсырыс берілген тауарларды Ozon-ның брендтік беру пункттерінен немесе Қазпошта пошта бөлімшелерінен өздері алып кету арқылы немесе Ozon серіктестерінің ақылы курьерлік жеткізуі арқылы ала алады.

Ozon Қазақстан - штаб-пәтері Алматыда орналасқан көп санатты маркетплейс.
2021 жылдан бастап компания Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуда және Республикадағы интернет-сауда саласындағы әлеуметтік маңызы бар бес компанияның қатарына кірді. Ozon.kz-те кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен тұрмыстық техникаға дейін жылдам және тегін жеткізілетін 370 миллионнан астам тауар атаулары бар. Маркетплейстегі бизнесті 33 мыңнан астам жергілікті сатушы дамытуда, ал белсенді сатып алушылар саны 500 мың қазақстандықтан асты. Компания Республикада алты логистикалық орталықты басқарады, сондай-ақ елдегі тапсырыс беру пункттерінің ең үлкен желісін дамытады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.