Ғылым мен қызметті ұштастырған полиция лейтенанты

Ғылым мен қызметті ұштастырған полиция лейтенанты

Ішкі істер органдарында адал қызмет етіп, ғылыммен айналысқан жандар аз емес. Солардың бірі – Астана қалалық Полиция департаменті Тылмен қамтамасыз ету басқармасының инспекторы полиция лейтенанты Жібек Садирова, өзінің анасының жолын қуып, ішкі істер органында табысты еңбек етіп жүрген жас маман.

Ол 2024 жылдан бастап ішкі істер органында қызмет атқарып келеді. Бұған дейін түрлі мемлекеттік әкімшілік қызметтерде жұмыс істеп, мол тәжірибе жинады. Бала кезінен білімге құштар болып, мектепті үздік тәмамдады. Академиялық жетістіктерінің арқасында Қазақ агротехникалық университетінің энергетика мамандығына мемлекеттік грантқа түсті.

Жас маманның ішкі істер органдары саласындағы қызметімен қатар, ғылымға деген қызығушылығы ерекше. Ол тарих және физика салаларында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше ғылыми еңбек жазды. Оның еңбектері халықаралық деңгейде мойындалды. Сонымен қатар, халықаралық интеллектуалдық олимпиадада жүлделі екінші орынға ие болып, өзінің жоғары білім деңгейін тағы да дәлелдеді. Сонымен қатар Жібек өзінің авторлық «Жұмабек Тәшенев: қоғам және мемлекет қайраткері» атты ғылыми кітабын жарыққа шығарды. 

Полиция лейтенантының бұл жетістіктеріне анасы – Ішкі істер министрлігінің зейнеткері отставкадағы полиция полковнигі Әбдіқадырова Үрзада Абылаевнаның да ықпалы зор. Өмірін ішкі істер органдарына арнаған анасының кәсіби жолы баласына үлгі болып, оның құқық қорғау саласына келуіне себепкер болды.

Қызмет пен ғылымды қатар алып жүрген лейтенант бүгінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің ғылыми әлеуетін дамытуға да өз үлесін қосып келеді. Оның өмір жолы – жас мамандарға үлгі, ал табандылығы мен еңбекқорлығы еліміздің болашағы үшін маңызды.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.