1 ақпаннан бастап ТТҚ АЖ-де таңбалау кодының иесін тексеру функциясы қосылады

1 ақпаннан бастап ТТҚ АЖ-де таңбалау кодының иесін тексеру функциясы қосылады

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) таңбалау кодының иесін тексеру функциясын енгізу жоспарлануда. Аталмыш шара дәрілік заттар айналымының ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Өнімді таңбалау және қадағалау жүйесіне таңбалау кодының иесін тексеруді енгізу бүкіл жүйенің тұтастығын, қауіпсіздігін және сенімділігін қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие. Бүгінгі күні ТТҚ АЖ-де таңбалау кодының иесін тексеру өшірілген, бұл дәрілік заттардың айналымына қатысушыларға кодтардың иелері болмай-ақ бақылау құжаттарын жасауға және одан әрі жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл бақылау жүйесі мен дәрілік айналым қауіпсіздігі үшін белгілі бір қауіптерді тудырады:

«Жүйе таңбалау кодының иесін тексермеген жағдайда, заңсыз алынған таңбалау кодтарын пайдалану қаупі болуы мүмкін. Мысалы, тауар айналымына қатысушылар олардың заңды иесі болмай-ақ тауарға құжат жасап, заңсыз тауардың нарықта таралуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл шара таңбалау жүйесінің тиімділігін арттырып, нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсартып, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді», - деді Бірыңғай оператордың дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жобасының жетекшісі Анар Кәрібаева.

Таңбалау кодының иесін тексеруге мүмкіндік беру үшін дәрілік заттардың айналымына қатысушылардың барлығын, соның ішінде өндірушілерді, дистрибьюторларды, дәріханаларды, медициналық мекемелерді және т.б. алдын ала дайындауды және бейімделуді талап етеді. Жаңа талапқа сай жұмысқа тиімді көшу үшін айналымның барлық қатысушыларын хабардар етіп, алдын ала жүйелерді конфигурациялауды және қызметкерлерді оқыту қажет.

2025 жылғы 6 қаңтардағы жағдай бойынша ТТҚ АЖ-де 3173 дәріхана ұйымы, 276 дәріхана қоймасы, МӘМС жеткізушілері болып табылатын 1780 медициналық ұйым және 768 мемлекеттік медициналық ұйым тіркелді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау және қадағалау енгізілді. Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалаудың және қадағалаудың мақсаты дәрілік заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде: өндірістен немесе импорттан бастап түпкілікті тұтынушыға дейін қозғалысына ашықтық пен бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл дәрі-дәрмектің әрбір пакетіне олардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін Data Matrix кодтарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    arenaERTG 14 января 2025 06:51

    Покупать Альфу A-pvp безопаснее в боте Tox ID: FD47C6D3EC06BC642C93094C602E5CE8D32345FD8E0C6E90639332B24582A8645CDD13EBF75C , Tox Бот — это анонимно, Tox Бот — это навсегда.
    Если хочешь, спроси Токс Бота — он выдаст сайт для любителей Telegram, актуального бота-магазина.
    Удачных покупок, бразики!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.