СҚО-да бас бостандығынан айыру орындарында түсірілген фильмді полицейлер ауыл жастарына көрсетіп жатыр
Полицейлер СҚО аудандарында «Есірткі жасырушылар. Жаза» жаңа деректі фильмін жастарға көрсетіп жатыр. Аталған фильмді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамашылық етуімен белгілі қоғам қайраткері, журналист Зәкіржан Мамлютов бастаған «QZ-media» шығармашылық ұжымы түсірді.
Түсірілімнің көп бөлігі бас бостандығынан айыру орындарында өтті. Кадрда – синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде сатқаны үшін ең төменгі 10 жылдық жазасын өтеп жатқан қылмыскерлер. Олардың ешқайсысы іс жүзінде мол табысқа кенелмеді — көпшілігі есірткі сататын интернет-дүкендерде 3 айға жетер-жетпес уақыт қана жұмыс істеген.
Негізгі аудитория – жоғары сынып оқушылары мен студенттер. Полицейлер оларды «жеңіл ақша» туралы ұсыныстарға ермеуге шақырды. Қазір бұл ең өзекті мәселелердің бірі. Жыл басынан СҚО-да 67 есірткі жасырушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 55-і – 25 жасқа дейінгі жастар.
Бір апта ішінде аталған фильм Солтүстік Қазақстан облысының бес ауданының орталығында көрсетілді. Киносеанстар жергілікті атқарушы органдардың көмегімен мәдениет үйлерінде өтіп жатыр. Көрсетілімдер кезінде концерттік бағдарламалар өткізіліп, нашақорлықпен күресуге көмектесіп жүрген жергілікті белсенділер марапатталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, есірткіден бас тартатын, спортпен айналысатын және белсенді өмірлік ұстанымы бар жастар өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.
«Есірткі жасырушылар. Жаза» фильмі – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «QZ-media» ұжымының үшінші бірлескен жобасы. Бұл фильмді YouTube хостингінде көруге болады, кинотрилогияының «Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол» деп аталатын алғашқы екі бөлімінің қаралымы бүгінгі таңда 2 миллионнан асып отыр.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]