Полицейлер Петропавлдағы жертөледен бір центнерден астам марихуана тәркіледі
Мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 36 және 48 жасар екі тұрғынын ұстады. Олардың біреуінің Гоголь көшесіндегі үйінің жертөлесінен полицейлер 4 қап өсімдік тектес затты тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы 113 кг-нан асатын кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу жүріп жатыр, полиция қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі мөлшерінің шығу тегін анықтауы керек.
"Бұл облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың екінші аса ірі партиясы", — деп хабарлайды СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. - Теориялық тұрғыдан алғанда, тәркіленген салмақ Петропавлдың барлық тұрғындарын нашақорлыққа тарту үшін жеткілікті. Естеріңізге сала кетейік, есірткі сатқаны үшін аса ірі мөлшерде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған".
Жыл басынан бері облыс полицейлерімен 600 кг-нан астам түрлі есірткі, оның ішінде 1 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/politsejler-petropavldaghy-zhertoleden-bir-tsentnerden-astam-marihuana-tarkiledi/
[xfvalue_img]
1 пікір