Парламент Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті

Парламент Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңына енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдап, Конституциялық Соттың жолдауын назарға алды. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырған Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2023 жылы жалпы ішкі өнім 5,1 пайызға өскенін атап өтті. Жылдық инфляция екі есеге төмендеп, 9,8 пайызды құрады. Республикалық бюджеттің кірістері 99,9 пайызға (19 трлн теңге), шығыстары 99,6 пайызға (22,4 трлн. теңге) орындалған. Бұл ретте тапшылық 3,1 трлн теңгені құрады. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге назар аударды. – Басты проблема – бюджеттің тұрақты тапшылығы. Соңғы жылдары шығындар едәуір өсіп келеді. Бұл ретте мұнайға қатысты емес кірістер шығыстардың 50 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Қалған бөлігі негізінен Ұлттық қордың трансферттері және қарыздарды тарту есебінен өтеледі. Сондықтан тапшылықты ұстап тұру жеткіліксіз. Ол үшін тапшылығы жоқ бюджетті қалыптастыратын ұзақ мерзімді жоспар қажет, – деді Ә.Смайылов. Оның айтуынша, кірісті арттыру үшін көлеңкелі экономиканы қысқарту қажет. Сонымен қатар Үкімет есебіне Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының орындалуы туралы бөлімді енгізу ұсынылады. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева қосымша баяндамасында 2023 жылға игерілмеген шығыстар 73 млрд теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 489 млрд теңгені құрағанын айтты. Бұл ретте игерілмеген және пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару көлемі 29 млрд теңгеге азайған, ал квазисектор субъектілерінің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарында анықталған бұзушылықтар мен қалдықтар 2022 жылмен салыстырғанда 97 млрд теңгеге өсті. – Қаржының тиімсіз пайдаланылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – жоспарлау кезеңінде мақсаттардың, индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштердің нашар әзірленуі. Барлық макрокөрсеткіштің 50 пайызының өнімділік деректері жоқ, өйткені олар статистикалық деректерге негізделген және есепті кезеңнен әлдеқайда кеш қалыптасады, – деді Т.Савельева. Комитет төрайымы 2022 жылға арналған есеп бойынша Жоғары аудиторлық палатаның бірқатар ұсынымдары орындалмағанын әрі жаңа Бюджет және Салық кодекстері аясында әзірлеу сатысында екенін мәлімдеді. Бұл салықтық жеңілдіктердің тиімділігін жүйелі бағалауға, стратегиялық жоспарлаудың бюджеттік жоспарлаудан басымдылығын қамтамасыз етуге, дивидендтік саясатты қайта қарауға қатысты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл тізбе дамуға бөлінетін шығыстардың көлемін бекіту, есепте бүкіл мемлекеттік басқару секторын, оның ішінде бюджеттен тыс қорларды қамтуды кеңейту, қарыздың тұрақтылығы көрсеткіштерін күшейту сияқты ұсыныстармен толықтырылды. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бекболат Орынбеков те қосымша баяндама жасады.  Парламенттегі саяси партиялардың фракциялары құжаттарға өз бағасын берді. Мәжілісте «АМАNАТ», «Ауыл» және Respublica фракциялары Үкіметтің есебін мақұлдауды қолдаса, Қазақстан Халық партиясы мен «Ақ жол» партиясының фракциясы қарсы болды, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясы дауыс беруден қалыс қалды.  Талқылау нәтижесінде депутаттар көпшілік дауыспен Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы шешім қабылдады.  Сонымен қатар Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қарады. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева заң аясында Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық сот құрылатынын хабарлады. Олардың өкілеттіктері, құрылымы мен құрамы, сондай-ақ судьялар мен кассациялық соттардың төрағаларына қойылатын талаптар белгіленеді.  – Сот жюриінің құрамы қайта қаралды, ол он үш судьядан және заң қоғамдастығының екі өкілінен тұратын болады. Сот төрелігі сапасы жөніндегі комиссияның құрамы да қайта қаралды. Оның құрамына жұмыс істеп жүрген тоғыз судья және отставкадағы екі судья кіреді. Жоғарғы Сот Төрағасының сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс енгізу құқығы алынып тасталды, – деді С.Имашева. Сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту, партияға кірген жағдайда судьяның отставкасын тоқтату туралы және басқа да нормалар енгізілді. Бірлескен комиссия сондай-ақ «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» басқа да конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды қарады. Осыған байланысты заңның атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Дауыс беру қорытындысында Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Парламент Конституциялық Соттың «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауын да назарға алды. Бұл туралы Сот төрағасы Эльвира Әзімова баяндама жасады. – 2023 жылы конституциялық бақылау органына азаматтардан бес мыңнан астам өтініш келіп түсті. Олардың көпшілігінің тақырыбы Конституциялық соттың құзыретіне кірмейді. Дегенмен Конституциялық Сот заң шығарушының қосымша зерттеуін қажет ететін өтініштердің кейбір мәселелеріне назар аударғысы келеді. Бұл тұрғын үйге қол сұғылмаушылыққа нұқсан келтіру, сатып алу мен иеленудің заңдылығы кезінде декларацияланбаған мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру және басқалар, – деді Эльвира Азимова. Конституциялық іс жүргізу аясында қозғалған істер әртүрлі құқық саласы мәселелеріне қатысты болды. Оларды қарау нәтижелері бойынша заңнаманың және оны қолдану тәжірибесінің елеулі кемшіліктері анықталып, олар бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілген. Бүгін Парламент бес заңның нормаларын Конституцияға сәйкестендірді. Қалған заң жобалары палаталарда қарау немесе Үкімет деңгейінде бекіту сатысында. Парламент Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын бақылау жөніндегі парламенттік комиссияның құрамын бекітті. Комиссия құрамынан шығарылған экс-депутаттар Ақмарал Әлназарова, Асқар Шәкіров және Динара Шүкіжанованың орнына сенаторлар Ольга Булавкина мен Евгений Больгерт, сондай-ақ Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов кірді.  
https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id52466/1/15

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.