Сұйытылған газдың бөлшек сауда бағасын реттеу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Сұйытылған газдың бөлшек сауда бағасын реттеу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Палата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдап, сұйытылған газ айналымын реттеу процестерін реинжинирингке енгізу мәселелері бойынша түзетулерді, сондай-ақ екі ратификациялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжілістің жалпы отырысы Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қараудан басталды. Палата спикері Ерлан Қошанов оған еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Жалпы отырыста Мәжіліс комитеттері 13 заң жобасын жұмысқа қабылдады. Олардың қатарында Үкімет сағатында талқыланған Әлеуметтік кодекс жобасы, жылу энергетикасы туралы, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару және соған байланысты өзгерістер мен толықтырулар туралы, кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қамсыздандыру және жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар. Сонымен қатар мәжілісмендер Әкімшілік және Салық кодекстеріне, кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ бірқатар ратификациялық заң жобаларын жұмысқа алды. Мәжіліс сұйытылған газ айналымын реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляева баяндама жасады. Ол сұйытылған мұнай газының бағасы 2022 жылдың қаңтарында наразылық шеруіне түрткі болғанын атап өтті. – Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы газ саласын сапалы қалпына келтіруді тапсырды. Бұл заң жобасы – оның кезеңдерінің бірі. Ол саланы барынша автоматтандыру және цифрландыруды реттеуге мүмкіндік береді, – деді Е.Смышляева. Сондай-ақ депутаттар заң жобасында өндіруші мен бөлшек сауда арасындағы бағаны теңестіру мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Жалпы отырыста үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісім және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланып, Сенатқа жолданды. Жиын соңында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттарын сайлау мәселесі қаралды. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар заң жобасына депутаттардың ұсыныстарын қарау үшін Берік Бекжанов, Серік Ерубаев және Ерлан Смайыловты сайлады. Қосымша баяндамашы болып Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов тағайындалды.  
https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49917/1/15

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.