Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс мемлекеттік жастар саясаты мәселелері туралы заң жобасын қарайды
Астана, 23 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бюро отырысында депутаттарға Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобаларын бірінші оқылымда қарау ұсынылды. Жиында Мәжіліс депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссиясының және Еуразиялық экономикалық одақ сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарады. Сонымен қатар Мәжіліс Конституциялық заң жобаларын екінші оқылымда қарайтын болады. Олар: Конституциялық Сот, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Прокуратура, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары. Бюро отырысында кейбір заңнамалық актілерге Мемлекет басшысының (2022 жылғы 16 наурыздағы) Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша түзетулер енгізу және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын екінші оқылымда қарау ұсынылды. Сондай-ақ депутаттар Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алуды көздеп отыр.
Мәжілістің Баспасөз қызметі
https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id49739/1/1
[xfvalue_img]