Қазақстанда пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу жоспарлануда
Бұл туралы және 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясындағы басқа да жаңашылдықтар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин Ғабит Мүсірепов атындағы және Айыртау аудандарындағы кездесулерде айтты. Оған мемлекеттік қызметшілер, жұртшылық, жастар, сондай-ақ комплаенс-офицерлер қатысты.
Бүгінгі күні аудандарда қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік әдеп кодексін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау үшін әртүрлі квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 15 комплаенс-офицері қызмет етеді.
«Тұжырымдаманы Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі проблемаларды шешу үшін бекітті. Құжат шеңберінде Агенттік заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша және ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Аталған консультативтік құжаттар «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылау үшін орналастырылған», - деді Нұрлан Жахин.
Заң жобаларына адамдарды қосудың және одан шығарудың нақты тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесіне сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу, пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту және т.б. енгізу жоспарланған.
Спикер азаматтарды ағымдағы жылдың 3 маусымына дейін жалғасатын консультативтік құжаттарды жария талқылауға белсенді қатысуға шақырды.
Кездесулерде ISO 37001 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты туралы да айтылды. Бұл туралы СҚО МБА филиалының директоры Лаура Қайыржанова мәлімдеді.
Сонымен қатар, Нұрлан Жахин азаматтарды жеке қабылдады, онда әр түрлі сұрақтар бойынша бес адам жүгінді.
[xfvalue_img]