Нұр-Сұлтан  қаласының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде елорда әкімінің орынбасары Е.Байкеннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға прокуратура, полиция департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Е. Байкеннің айтуынша, әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады, оны іске асыру ағымдағы жылдың сәуір айынан жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жою мақсатында әкімдік мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал ететін жобалық бағыттарды анықтады.

Өз кезегінде, елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары И.Базилов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелерін ұсынды.

Мемлекеттік органдармен жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыру және формализмді болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Осылайша, уағдаластыққа сәйкес әкімдік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық ішкі талдауларын сарапшылар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ Қоғамдық кеңес өкілдері қатарынан құрылған арнайы жұмыс тобы кезінде қаралатын проблемалық мәселелерді талқылаумен өткізу жоспарлануда.

Квазимемлекеттік сектор жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру, жою және бағалау қызметі болып табылатын комплаенс қызметтерінің жұмысына ерекше назар аударылды.

Аталған жұмысты жетілдіру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерімен оқыту семинарлары жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс қорытындысы бойынша елордалық әкімдікке ұйымдастырушылық-басқарушылық және нормативтік сипаттағы бірқатар ұсынымдар енгізді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.