2020 жылы Ақмола облысында 94,8% мемлекеттік қызмет электронды түрде ұсынылды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы жасалды.
Есептік кезеңде облыстың мемлекеттік органдары 6 млн. 342 918 мемлекеттік қызмет ұсынды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының бас маманы Қанат Айтымовтың айтуынша, соңғы жылы көрсетілген қызметтер саны 22 090-ға артты.
Қағаз түрінде мемлекеттік органдар 116 811 қызмет ұсынды. Азаматтардың мемлекеттік органдарға қызмет алу үшін жүгіну мөлшері 71%-ға төмендеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы 287 811 мемлекеттік қызмет ұсынылып, бұл өтініштердің 56,2%-ға қысқарғанын көрсетіп отыр.
Egov.kz порталы және оның сервистері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдарға азаматтардың жүгінуі үлесінің артқаны байқалады. Есепті кезеңде мемлекеттік органдармен электронды түрде 5 938 296 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 94,8%-ды құрап отыр. 2019 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 9,3%-ға артты.
Қ.Айтымовтың айтуынша, карантин кезінде Мемлекеттік корпорация тек қана қызмет алушының келуін талап ететін қызметтерді ұсынды. Тіпті, осы қызметтерге қол жеткізу үшін алдын-ала жазылу тәртібі енгізілді. «Өзіне өзі қызмет көрсету секторы» жеңілдетіліп, азаматтарға онлайн түрде кеңес беру қызметі ұйымдастырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік қызметтерді қағаз және электронды түрде көрсету үшін арнайы терезе жұмыс істеді.
ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір