Ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайтуға арналған конференция туралы

Ядролық қарудан азат аймақтар арасында ынтымақтастықты нығайтуға арналған конференция туралы

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ғимаратында БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп «Ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және консультацияларды кеңейту тетіктерін жетілдіру» атты конференция өз жұмысын бастады.

Конференцияның ашылу салтанатына БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Изуми Накамицу, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин және ядролық қаруға қарсы белсенді активисті Кәріпбек Куюков қатысты.

Іс-шараға ядролық қарусыз аймақтарының (қазіргі уақытта бұл аймақтар Латын Америкасында, Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Тынық мұхиты аймағында, Орталық Азияда және Моңғолияда құрылған) хатшылықтары мен мүше мемлекеттердің дипломаттары, БҰҰ мен аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысуда. «Ядролық бестікке» мүше елдердің және ядролық қарусыздану мәселелерімен айналысатын халықаралық үкіметтік емес және академиялық құрылымдардың делегациялары бақылаушылар ретінде қатысады.

Іс-шара барысында ядролық қарусыз аймақтар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және жаһандық ядролық қарусыздану және таратпау режимін нығайту мақсатында БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі басқа платформаларымен өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету шараларын талқылау жоспарлануда.

Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес жыл сайын 29 тамызда – 33 жыл бұрын Семей полигоны жабылған күні аталып өтетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орайластырылып отыр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

92 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.