Алматыда ЮНЕСКО-ның Жаһандық жастар форумына дайындық барысы талқыланды

Алматыда ЮНЕСКО-ның Жаһандық жастар форумына дайындық барысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан үшін Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры Амир Пиричпен кездесу өткізді.

Тараптар 2024 жылғы ынтымақтастықты қорытындылай отырып, су мәселелерін шешу және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша маңызды жетістіктерді атап өтті. Сонымен қоса өңірдің барлық елдері мен БҰҰ Бас хатшысының қолдауына ие болған Қазақстанның Алматы қаласында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру бастамасы ерекше назарға алынды.

ЮНЕСКО өкілі серіктестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын ескере отырып, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуленің 2023 жылғы сапарын екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Сонымен қатар 2025 жылғы 19-20 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін ЮНЕСКО-ның Жаһандық жастар форумына ерекше назар аударылды. Аталмыш форум өңір жастары арасында білім, ғылым және мәдениет саласында пікір алмасу және шешімдер әзірлейтін платформа болатыны аталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

66 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.