Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Moody’s рейтинг агенттігінің сарапшыларымен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Moody’s рейтинг агенттігінің сарапшыларымен кездесті

Халықаралық «Moody’s» рейтинг агенттігінің өкілдері Қазақстанға елдің инвестициялық ахуалын бағалау мақсатында келді. Сапар аясында агенттік сарапшылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровпен, СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловпен және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мәдияр Сұлтанбекпен кездесті. Кездесу барысында тараптар инвестиция саласындағы орта мерзімді болжамдарды, инвестицияларды бағалау критерийлерін және Қазақстанның халықаралық стратегиялық серіктестігін талқылады.

Ә. Қуантыров агенттік өкілдеріне инвестициялық ахуалды жақсарту жоспарлары туралы айтып берді: «Қазақстанның ЭЫДҰ-ға кіруі серпін беруі мүмкін, бұл елдің әлеуметтік-экономикалық саясатын ұйымның жоғары стандарттарына сәйкестендіретінін білдіреді. Қазақстан қазірдің өзінде индустрияландыру және цифрландыру бағдарламаларын қоса алғанда, бірқатар экономикалық реформалар мен жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда. Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азияда маңызды рөл атқарады және Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы оны инвесторлар үшін тартымды етеді. 2017 жылдан бастап біз ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің «ассоциативті мүшесі» болып табыламыз».

Өз кезегінде Ғ. Оспанқұлов агенттік өкілдерін инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның қызметі туралы хабардар етіп, перспективалы салаларға егжей-тегжейлі тоқталды: «Қысқа мерзімді перспективада негізгі назар мұнай-газ және тау-кен секторларына аударылуы керек, ал орта мерзімді перспективада жасыл энергетикаға, инновацияларға және өндірістік салаларға көңіл бөлу қажет».

Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып және ағымдағы экономикалық болжамдарды ескере отырып, Қазақстан экономиканың негізгі секторларын сәтті дамытуға толық мүмкіндікке ие.

Бұған дейін, 2023 жылдың қазан айында агенттік Қазақстанның болжамын «тұрақты» деңгейінен «оң» деңгейіне жақсартты, елдің суверенді кредиттік рейтингін «Baa2» деңгейінде растады.

Moody’s халықаралық рейтинг агенттіктерінің үздік үштігіне кіреді және кредиттік рейтингтерді беру, тәуекелдерді талдау және басқа да аналитикалық зерттеулер жүргізумен айналысады, олардың көмегімен 110-нан астам егеменді мемлекеттің борыштық міндеттемелері бақыланады.

Эмитенттің кредиттік рейтингі – мемлекеттің төлем қабілеттілігін бағалау, ол Қазақстанға инвестициялық тәуекелдерді бағалаудағы сенімділік деңгейін арттыруға, елдің жаһандық экономикалық аренадағы позициясын нығайтуға және халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Эмитенттің жоғары кредиттік рейтингі сондай-ақ ESG стандарттарына немесе әлеуметтік жауапты инвестицияларға сәйкестікті көздейді. Бұл инвестициялау принципі қаржылық пайда ғана әкелетін емес, сонымен бірге ұзақ мерзімді тұрақты дамуға ықпал ететін жобаларды, экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік факторларды ескере отырып, басымдыққа ие етеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

69 пікір

  1. аватар
    Reva 1 ноября 2026 03:01

    An instant bank payment is a convenient way for players to fund their online gaming accounts.
    Now you know the benefits of using bank wire transfer casinos wire to play at famous Australian gambling platforms.
    For example, a prepaid card is also safe and convenient, but it can only be used to deposit
    cash into a casino. High rollers are usually treated
    to generous promotions, so it's an advantage you can't deny yourself.

  2. аватар
    Dane 1 ноября 2026 06:40

    Wer seine Online Casino Sofortüberweisung storniert, der muss wissen, dass gegenwärtig
    nur Einzahlungen mit dieser Zahlungsmethode möglich sind.
    Daher raten wir immer sich vor einer Sofortüberweisung Einzahlung in den Online Casinos
    zu schauen, welcher Bezahldienst für die Echtgeld Auszahlung infrage kommt.
    Hier findet man alle Infos zu den Auszahlungen im
    SOFORT Casino. Nach Kontoerstellung können im Online Casino sofort Echtgeld
    Zahlungen durchgeführt werden. Viele der besten deutschen Online Casinos ermöglichen es den Spielern mit Sofortüberweisung Geld einzuzahlen, um online
    spielen zu können.

    References: foro.ccarchivistas.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.