Қазақстан БҰҰ-ның Дохадағы халықаралық конференциясында әлемдегі ең төмен дамыған елдер тобы үшін өзінің экономикалық даму моделін ұсынды
Доха, 2023 жылғы 5-7 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров бастаған қазақстандық делегация Катардағы БҰҰ-ның Ең төмен дамыған елдердің 5-ші конференциясына (LDC) қатысты.
Он жылда бір рет өтетін іс-шараға биылғы жылы 3000-нан астам делегат қатысты, оның ішінде мемлекеттер мен үкіметтердің, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары, БҰҰ Бас хатшысын қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың басшылары, әлемдік сарапшылар қауымдастығы мен іскер топтар, сондай-ақ ғылыми және азаматтық қауымдастықтар болды.
Қазақстандық делегация басшысы жалпы пікірталастарда сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның «ешкім артта қалмауы тиіс» қағидатына сәйкес, орнықты дамуға қол жеткізу мақсатында ең төмен дамыған елдерге халықаралық көмекті жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті. Көптеген LDC елдеріне кедейлік, аштық, климаттың өзгеруі, бақыланбайтын көші-қон және т.б. сияқты жаһандық проблемалардың нашарлауына әкеліп соқтыратын әлемдік прогрестің үдемелі қарқынынан артта қалмау өте өзекті болып қала береді.
«Теңізге шыға алмайтын ең ірі ел ретінде Қазақстан ең төмен дамыған елдердің алдында тұрған қиындықтар мен сын-қатерлерді жақсы түсінеді», – деп атап өтті Қ. Омаров.
Осы тұрғыда қазақстандық делегация басшысы елімізге 30 жыл ішінде табысы орташадан жоғары ел деңгейіне шығуға мүмкіндік берген Қазақстанның табысты даму моделін ұсынды, жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформаларды атап өтіп, Қазақстанның аз дамыған елдермен өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін білдірді.
Конференция барысында Қ. Омаров Катар Мемлекетінің Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Сұлтан бен Саад Әл-Мурейхимен және Сауда және индустрия министрі – жоғары деңгейдегі Қазақстан-Катар комиссиясының тең төрағасы Шейх Мұхаммед бин Хамад Әл-Танимен екіжақты келіссөздер жүргізді.
Тараптар Астана мен Доха арасындағы екіжақты байланыстардың, оның ішінде жоғары деңгейдегі байланыстардың айтарлықтай қарқындылығын қанағаттанушылықпен атап өтті. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық салаларында тығыз Қазақстан-Катар өзара іс-қимылын одан әрі дамытудың жақсы перспективалары атап өтілді. Осы тұрғыда екі мемлекет басшылары арасындағы уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мақсатында Дохадағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының биылғы отырысының маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық тарап Катар делегациясының ағымдағы жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақыруын тағы да растады.
ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Әлемнің осал елдері бойынша жоғары өкіл Фатима Рабабпен, Бахрейн, Вьетнам, Португалия, Италия, Филиппиндер және басқа елдерден келген визавилерімен бірқатар кездесулер өткізіп, олардың барысында Қазақстанның халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылы мен бастамалары талқыланды.
Анықтама: Ең төмен дамыған елдер (LDC) – орнықты дамудың көптеген қиындықтарына тап болатын, табысы төмен елдер. Олардың қатарына 46 мемлекет кіреді және олардың көпшілігі Африкада орналасқан, сонымен қатар Азия, Латын Америкасы және Океанияның бірнеше елдері де бар.
[xfvalue_img]
141 пікір