Қазақстан мен Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары ынтымақтастықты нығайтуда

         24 қарашада ҚР Гонконгтағы Бас консулының ықпалдасуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың шетелдік ең үздік ведомстволардың бірі – Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Тәуелсіз комиссиясының комиссары Саймон Пэмен онлайн кездесуі өтті.

         А. Шпекбаев гонконгтық әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырып, саяси жаңғырту шараларына, жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллаларына және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға назар аударды.

         Өз кезегінде Саймон Пэ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы және мемлекеттік қызметті реформалаудағы едәуір жетістіктерін атап өтті. Атап айтқанда, ол Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және қылмыстық тәжірибенің, алдын-алу мен ағартудың кешенді функциялары бар Агенттік құрудың маңызды рөлін атап өтті. Қазақстандық ведомство құрылымының негізі ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа елдері, Гонконг үлгілері қабылданды.

         Тараптар сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берген гонконг әріптестерінің тәжірибесін талқылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз орган құру, «мүлікті параға сатып алмағаныңды дәлелде» қағидатын енгізу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру – табыстың кілтіне айналды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды ағарту және білім беру – жемқорлыққа төзбеуді қалыптастырудағы және парасаттылық мәдениетін кеңейтудегі маңызды факторлар. Біз бұл жұмысты 40 жыл бұрын бастадық және осы уақытқа дейін бірнеше ұрпақ ауысты. Осының арқасында бүгінде халықтың 99%-ы жемқорлық көріністерінен ада», - деп атап өтті Саймон Пэ. Ол сондай-ақ Қазақстанның осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысына жоғары баға берді.

         Гонконгта комиссия қызметкерлерінің кәсібилігіне зор көңіл бөлінеді. Барлық жаңадан қабылданған қызметкерлер тергеу, алдын-алу және білім беру тәжірибесін қоса алғанда, бөлімнің мамандануы мен жауапкершілігінің негізгі бағыттары бойынша бір жылдық жедел оқытудан өтеді.

         Ведомстволар Тәуелсіз комиссия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және халықаралық оқыту орталығы негізінде неғұрлым тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты. Ынтымақтастық талдамалық зерттеулердің нәтижелерімен, оқыту іс-шараларымен және екіжақты сапарлармен алмасу аясында болмақ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.