Берлинде «Жасыл Орталық Азия» қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастама басталды

Берлинде «Жасыл Орталық Азия» қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастама басталды

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуроодақтың Орталық Азия мен Ауғанстан үшін жаңа стратегиясын іске асыру шеңберінде Германия бастамашылық еткен климатты қорғау мәселелері жөніндегі «Жасыл Орталық Азия» аймақтық интеграциялық жобасын іске қосу жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл, Түрікменстан Вице-премьері - Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мирваис Наб, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

Конференцияны аша отырып, ГФР Сыртқы істер министрі Хайко Маас Германия үкіметінің жаңа жобасы күшейтілген трансшекаралық ынтымақтастық арқылы су ресурстарын басқаруға көмек көрсету бойынша көпжылдық «Орталық Азия үшін су бастамасының» («Берлиндік процесс» деп аталатын) жалғасы болып табылатынын атап өтті. Осылайша, «Жасыл Орталық Азия» климаттың өзгеруі мәселелері бойынша алты мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы контекстінде жоғары деңгейдегі диалогты қолдауға бағытталған.

Министр М. Тілеуберді өз сөзінде неміс тарапына ұсынған бастамашылығы үшін алғысын білдіріп, оның Орталық Азия аймағы үшін маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы жасыл экономиканы дамыту саласындағы мемлекеттік саясат, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық жасыл технологиялар орталығының қызметі туралы хабардар етті.

«Қазақстан Үкіметі алдында «жасыл экономиканы» дамыту бойынша ұқсас міндет тұрғанын ескере отырып, бізге осы бағыттағы неміс тәжірибесі қызығушылық тудырады. Біздің еліміздің халықаралық деңгейде ұсынған бастамалары Қазақстанның экономиканы экологияландыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға бейілділігін куәландырады», - деді Қазақстан СІМ басшысы.

Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің өкілдері аймақтың Германиямен және ЕО құрылымдарымен экология, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика элементтерін енгізу және климаттың жылынуына қарсы күрес мәселелерінде ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша ресми делегациялардың басшылары нақты жобаларды іске қосуға жақсы негіз болатын Бірлескен декларацияға қол қойды.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.