Еуразиялық даму банкі мен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Экспортқа жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (KazakhExport) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде және одан тыс жерлерде қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер экспортының көлемін ұлғайту бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған Экспортқа жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Келісімді орындау мақсатында тараптардың өзара іс-қимылы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаушыларға олардың тәуекелдерін сақтандыру бойынша қаржы құралдары туралы ақпарат беру; ЕАЭО шеңберінде және одан тыс жерлерде қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаушылардың тәуекелдерін сақтандыру процесінде туындайтын мәселелерді шешу кезінде өзара консультациялық көмек көрсету.
Ынтымақтастық бағыттарының бірі қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаушылардың тәуекелдерін сақтандырумен байланысты Тараптардың жобалары бойынша лимиттер белгілеу болып табылады. Бұл ретте KazakhExport ұсынатын сақтандыру арқылы қорғаумен экспорттаушыларды қаржыландыруға қатысу үшін ЕАДБ алдын ала есептік лимиті шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды.
ЕАДБ Келісім аясында ЕАЭО шеңберінде және одан тыс жерлерде қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді экспорттаушылардың тәуекелдерін сақтандыруды дамыту мақсатында ұйымдастырылған бірлескен іс-шараларға қатысады.
[xfvalue_img]