Армения Президенті қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ЕРЕВАН - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай, Казақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті.
Кездесу барысында А. Саркисян Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің жылы құттықтауын жолдай отыра, оның егемен және заманауи Қазақстанның қалаушысы ретіндегі қосқан маңызды үлесін атап өтті. Сондай-ақ Армения Президенті Елбасы Н. Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақстан халқына құт-береке мен өркендеу тілектерін жеткізді.
Қазақстандық дипломат еліміздің мемлекеттік кұру жолындағы жаңа қадамдары мен экономикалық саладағы жетістіктері және жуырда жарияланған Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында баяндалған еліміздің бай мұрасын іске асырудың қазіргі заманғы көзқарасы туралы әңгімелеп, А. Саркисянға аталған мақаланың армян тіліне аударылған мәтінін табыс етті.
Әңгіме барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың болашағын, атап айтқанда жаңа технологиялар саласындағы жобаларды, өзара тиімді саяси диалогты, оның ішінде Еуразия экономикалық одағы мен БҰҰ шеңберінде өзара әрекеттесу мәселелерді талқылады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы
[xfvalue_img]