СІМ басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйым  Бас хатшысымен кездесті

СІМ басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйым Бас хатшысымен кездесті

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті. ЕҚЫҰ жоғары өкілі қалыптасқан дәстүр бойынша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің жұмысына қатысуда.

Т. Гремингер қазіргі жағдайда үлкен сұранысқа ие Астананың жаһандық дінаралық және конфессияаралық үнқатысуды нығайту бойынша күш-жігерін құптады.

Бас хатшы «әсіресе көпжақтылық үлкен қысымға ұшыраған кезеңде» Ұйымға шынайы бейілділігі мен тұрақты түрде қолдау көрсетіп жатқаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Қ. Әбдірахмановтың айтуынша, Қазақстан ЕҚЫҰ-ны қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесіндегі маңызды және сұранысқа ие ұйымдардың бірі деп санайды. Ұйым кейбір елдерде қайшылықтарды еңсеріп, жанжалдар шешілуі үшін одан да көп нәрсе жасай алады. Осыған байланысты қазақстандық тарап бітімгершілік миссиясын жалғастыруға дайын. Астана Саммитінің мұрасын ескере отырып, жаңа құқықтық база негізінде Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі келіссөздерді бастау өте маңызды. Ол қауіпсіздіктің үш өлшемі, құрылымдық диалогты талқылау, терроризмге және трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, орнықты дамуға жәрдемдесу, адам құқықтарын қорғау мәселелері шұғыл түрде қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін шоғырландыруды талап ететінін атап өтті.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға қолғабыс ететін ЕҚЫҰ құрылымдарын Ұйым жауапкершілігінің бүкіл аймағында тең жағдайда орналастыру маңыздылығына тоқталды. Болашақта мұндай құрылымдардың бірі ретінде ЭКСПО инфрақұрылымының базасында экономикалық байланыс, тиімді басқару, жасыл экономика, апат және энергетикалық қауіпсіздік қатерін азайту саласындағы озық тәжірибемен алмасуға негізделген ЕҚЫҰ-ның Тақырыптық орталығын құруға бола алар еді. Қазақстан ЕҚЫҰ Экономикалық-экологиялық комитетін басқарып келе жатқанына екі жыл болды және Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жақында жасаған Жолдауының тұрғысынан көлік инфрақұрылымды, транзиттік әлеуетті, туризмді дамыту бойынша жобаларға өз серіктестерін шақыруға ниетті.

ЕҚЫҰ Бас хатшысының бағдарламасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Кітапханасы ЕҚЫҰ-дың Астанадағы Бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастыратын «ЕҚЫҰ-дың Қазақстандағы 20 жылы: ынтымақтастық пен жетістіктер» халықаралық конференциясына қатысу көзделген. 

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.