БҰҰ Бас хатшысы: Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төтенше конструктивті рөл атқарады

БҰҰ Бас хатшысы: Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төтенше конструктивті рөл атқарады

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізіп, оның барысында әлемдік ұйымның және халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Министр Ақтау қаласында өткен Каспий саммиті, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары деңгейіндегі отырысының және Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің қорытындылары туралы хабардар етті. СІМ басшысының айтуынша, Қазақстан Бас хатшыға БҰҰ-ны реформалау, тұрақты дамудың мақсаттарына қол жеткізу, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру және Ұйымның Орта Азиядағы қатысуын қамтамасыз етуде қолдауын жалғастыруға ниетті.

А. Гутерриш Каспий теңізіндегі Ақтау саммитінің тарихи маңыздылығын атап өтіп, БҰҰ Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді. Ол Қазақстан бастамасымен ұсынылған «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу» үшін мінез-құлық Кодексін қолдайтындығын айтты. «Біз әлемнің берік тірегі болып табылатын Президент Н. Назарбаевтың бастамаларын жоғары бағалаймыз. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі конструктивті рөлі өте маңызды. Сіздің еліңіз даналықтың дауысы және көпірлерді орнатудың жақтаушысы болып табылады», - деді Бас хатшы. А. Гутерриш Астананың Сириядағы дағдарысты реттеудегі рөлін ерекше атап өтті. Бұның салдарынан ең нашар сценарийді дамытуға жол берілмеді. БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, Қазақстан дипломатиясының рөлі елдер мен діндер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда өте оң болып бағаланады.

Бас Ассамблеяның 73-ші сессиясының аясында Қ. Әбдірахманов Грекияның Сыртқы істер министрі Никос Котзиаспен кездесу өткізіп, оның барысында «экономикалық дипломатия» және Орталық Азия мен Балқан аймағы елдерінің ынтымақтастығы талқыланды. Тараптар жақын арада екіжақты саяси консультацияларды өткізу туралы уағдаласты. Орталық Азия мен Балқан елдерінің арасында тұрақты диалог орнату идеясы айтылды.

Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесуде екіжақты шарт-құқықтық базаны одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Армения Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Зограб Мнацаканянмен кездесуде саяси, сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ аймақтық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды нығайту мәселелері негізгі назарда болды. Ангола Сыртқы істер министрі Мануэль Аугуштумен сұхбат барысында БҰҰ шеңберіндегі ынтымақтастық, Бейбітшілік пен Қауіпсіздік Кеңесін басқаратын Ангола Қазақстанның Африка Одағымен карым-қатынасы, сондай-ақ инвестициялық және сауда-экономикалық байланыстардың перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңдарында Германия, Сауд Арабиясы, Сомали, Эритрея және басқа да елдердің сыртқы істер министрлерімен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.