Еуропалық Парламенттің өкілетті делегациясы аймақтық сапары аясында Қазақстанға келді
Демократия, заңның үстемдігі және адам құқықтарының құндылықтарын құрметтеу негізінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің жалпы міндеттерін, қағидаттары мен басымдықтарын тиімді іске асырудың маңыздылығы туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Адам құқықтары жөніндегі кіші комитет төрағасының орынбасары Кристиан Дан Преда бастаған Еуропалық Парламенттің (ЕП) делегациясымен кездесу барысында атап айтты.
Румыния, Португалия, Испания, Польша, Латвия және Ұлыбритания еуродепутаттарынан құралған ЕП-нің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің делегациясы парламентаралық ынтымақтастықты дамыту және заң шығару қызметінде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанға өзінің алғашқы сапарымен келді.
Атап айтқанда, еуропалық депутаттардың сапар бағдарламасы аясында ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, Бас прокуратураның және Қоғамдық даму министрлігінің, сондай-ақ Сенат пен Мәжілістің бейінді комитеттерінің басшылығымен кездесулер көзделген. Сонымен қатар, сапар барысында делегация Назарбаев Университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, сондай-ақ қазақстандық талдау орталықтарына барып қайтады.
Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, соның ішінде еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде атқарып келе жатқан қызметі, Астана процесі шеңберінде Сириядағы шиеленісті реттеу, Ауғанстанда бейбіт өмірді қалпына келтіру, Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша жаңа Стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ саяси диалогты нығайту, оның ішінде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, демократиялық құндылықтарды насихаттау, заң үстемдігі саласындағы мәселелерді талқылады.
Өзінің сөзінде Қайрат Әбдірахманов барлық мәселелер бойынша ашық және сенімді диалог құру негізінде парламентаралық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Министрдің пікірінше «парламентаралық ынтымақтастық өзара мүдделер мен ортақ құндылықтарға негізделген ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосады және өзара түсіністік пен нақты нәтижелерге қол жеткізуге ықпал жасайды».
Бұл тұрғыда Астанада осы жылдың мамыр айында өткен «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 15-ші отырысының оң нәтижелері атап өтілді. Сонымен қатар, біздің елімізде болып жатқан процестермен жеке танысу мақсатында Германия, Польша, Румыния, Испания, Италия және Швейцария ұлттық парламенттері мүшелерінің делегациялары жыл басынан бері Қазақстанға ресми сапарлармен келгендері атап өтілді.
Өз кезегінде, Еуропалық Одақ Қазақстанмен ынтымақтастыққа маңызды мән береді және елде болып жатқан процестерді, сондай-ақ өңірлік және халықаралық деңгейлерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған Қазақстанның халықаралық бастамаларын мұқият назар аударады.
Еуропалық депутаттар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік өміріндегі жүргізіліп жатқан жаңғыртуды құптай келе, көрсетілген процестер өзара түсіністікті және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Тараптардың жалпы пікірінше екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларының дамуына үлкен серпінді ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің толық күшіне енуі бере алады. Қазіргі таңда ЕО-ға 28 мүше мемлекеттердің 23-ші келісімді ратификациялады, ал 2017 жылғы желтоқсанда құжат Еуропалық Парламентімен мақұлданды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар барлық мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық пен диалогты жалғастыруға келісті.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің
[xfvalue_img]