Қ. Әбдірахманов АӨСШК-нің «Жібек жолы» конференц-залын ашу салтанатына қатысты

Қ. Әбдірахманов АӨСШК-нің «Жібек жолы» конференц-залын ашу салтанатына қатысты

АСТАНА, 2018 жылғы 28 тамыз - Азияда өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Хатшылығының ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысқан, «Жібек жолы»  конференц-залын ашудың салтанатты рәсімі өтті.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы  26 жыл ішінде АӨСШК 27 мемлекетті біріктіретін және Азиялық континентте жан-жақты қатынастардың архитектурасын құруға бағытталған, шынайы қолданыстағы институт болғанын атап өтті.

АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Гун Цзяньвэй қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысын конференц-залды пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырды.

Хатшылықтың конференц-залы АӨСШК төрағасы – Қытайдың күш-жігерімен 2014-2018 жылдары жабдықталды. Зал ақпараттық технологиялар саласында замануи әлемдік талаптарға сай келеді және Азиядағы жалпы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелі жұмысқа арналған ыңғайлы алаң болады деп күтілуде.

Қазақстан тарапы АӨСШК процесіндегі дамуға қолдау көрсеткені және үлес қосқаны, сонымен қатар Хатшылықты техникалық жағынан жабдықтағаны үшін ҚХР-ға өз алғысын білдірді. СІМ басшысы Хатшылықтың қызметкерлеріне АӨСШК қағидаттары мен идеяларын ілгерілетудегі олардың маңызды қызметіне сәттілік тіледі.

АӨСШК Хатшылығы 2006 жылдан бастап табысты қызмет атқаруда. 2016 жылдың қазанында офис Алматыдан Астанаға көшірілген болатын. 

Жақын болашақта АӨСШК-де төрағалық ету Тәжікстан Республикасына ауысады. Осыған байланысты, АӨСШК Атқарушы директорының лауазымына осы елдің өкілі тағайындалды.

АӨСШК шақырту идеясы алғаш рет Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен 1992 жылғы қазанда Бас Ассамблеяның 47-сессиясы мінберінен шығарылған болатын.

Бақылаушы-мемлекеттер Беларусь, Индонезия, Лаос, Малайзия, Филиппиндер, Украина, АҚШ және Жапония, сондай-ақ Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КХҰ), Араб мемлекеттерінің лигасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы (ЕҚЫҰ), Түркі тілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (ТУРКПА) және Біріккен Ұлттар ұйымы болып табылады. 

АӨСШК мүше-мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің 2004 жылы Алматы қаласында өткен екінші кездесуі барысында сенім білдіру шараларының тізбесі бар «АӨСШК сенім білдіру шараларының каталогы» қабылданды.

АӨСШК атқарушы директоры лауазымына Қазақстанның (2002 бастап 2010 жж. дейін), Түркияның (2010 бастап 2014 жж. дейін), Қытайдың (2014 ж. бастап осы уақытқа дейін) өкілдері тағайындалды. 2002 жылдан бастап мемлекеттер/үкіметтер басшыларының қатысуымен төрт саммит өтті.

 

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

  1. аватар
    Nxmnmj 10 июня 2022 20:16

    order albuterol 4mg online - <a href="https://casinoandslotx.com/">online casinos real money</a> order dapoxetine without prescription

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.