Сыртқы істер министрі Түркі академиясына барды
АСТАНА, 2018 жылғы 15 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркі академиясына барып, қызметімен танысты.
2010 жылы Елбасы - Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркі академиясы осы жылы өзінің 8 жылдық мерейтойын өткізді. «Қысқа мерзім ішінде академия үлкен жұмыс өткізіп, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) мүше-мемлекеттері – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия арасында мәдени-тарихи және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамытуға қомақты үлес қосты. Академия қазіргі күні интеллектуалды ұйымға айналды», - деді СІМ басшысы.
Қ.Әбдірахманов ғылыми ұйымның қабырғасында әзірленген Түркі интеграциясының тұжырымдамасы Түркі кеңесінің жоспарланған 6-шы саммитінде қабылданатын маңызды құжаттардың бірі болатындығын ерекше атап өтті. Түркі кеңесіне мүше тараптармен Түркі академиясының институцияландыру рәсімін аяқтау бойынша және түркі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару бойынша тиісті жұмыс жүргізілуде.
Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі халықаралық деңгейдегі ғылыми ұйымның қалыптасуына қолғабыс көрсетіп келе жатқан Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа және Сыртқы істер министрлігіне алғысын білдіре отырып, түркі мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету жолында академияның ұжымы бар күшін салатындығына өзінің терең сендірулерін білдірді.
«Академия Түркі әлемінің мұрасын зерттеу бойынша үлкен ғылыми-зерттеу жұмыс өткізуде. Біз «Ортақ түркі тарихы» оқулығын әзірлеу бойынша жұмысты бітіріп, XV ғасырға дейінгі «Ортақ түркі әдебиеті» мен «Ортақ түркі географиясы» оқулықтарының жобаларын дайындау жұмыстарын жалғастырудамыз. Сонымен қатар, академияның қызметкерлері «Аталар мирасы» және «Түркбарометр» атты екі жобаны дайындауда», - деді Д.Қыдырәлі.
Академияда Түркі әлемінің экспонаттары орналасқан мұражайы және түркология мен оның мәдени мұрасына арналған 50 мыңнан астам кітап жиналған кітапхана қоры бар.
Қ.Әбдірахманов академияның қызметкерлерін ғылыми-зерттеу саладағы халықаралық бастамаларды ілгерілету және түркі ынтымақтастықты дамыту бойынша қосқан үлестері үшін құрмет грамоталарымен марапаттап, сонымен бірге Түркі академиясы қорына Мемлекет басшысының және Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси қызметі туралы кітаптарды сыйға тартты.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің
[xfvalue_img]