Грек астанасы Қазақстанның Халық әртісінің өнеріне тамсанды
4 қазанда Афинада Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 25-жылдығына орай танымал астаналық «Парнассос» концерттік залында үлкен сәттілікпен отанымыздың айтулы пианисті, Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірованың концертті өтті.
Қазақстан Елшілігінің шығармашылық бастамасын Грекияның саяси және іскер, қоғам және мәдени қайраткерлері, сонымен қатар дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшылары, және де қазақ диаспорасы өкілдері мен бұрынғы отандастарымыз бірауыздан қолдады.
Республикамыздың Елшісі Алексей Волков өз алғы сөзінде Қазақстан мен Грекия ширек ғасыр ішінде сенім, өзара түсіністік пен достыққа сүйенген нықты қарым-қатынастар орнатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Астана мен Афина өз диалогтарын тек саясат пен саудада ғана емес, сонымен қатар мәдениет, білім, ғылым және туризм бағыттарын қарқынмен дамыту үстінде екенін айтты.
Мерекелік кеш бағдарламасының тұсау кесерінде Қазақстан Елшісі мемлекеттер мен халықтарды жақындастыруда мәдени дипломатияның атқаратын ерекше ролін сөзіне тиек етті.
Өз кезегінде, Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Иоаннис Аманатидис құттықтау жолдауында еліміздің бітімгерлік бастамаларымен Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аймақтың маңызды ойыншысы екенін ерекше атады.
Екі бөлімнен құрылған концертте классикалық музыканы бағалаушылар әйгілі Ф.Шопен мен И.Бах шығармаларының аса жоғары деңгейде орындалуының куәгерлері болды.
Мәдени іс-шара аяқталған соң, қазақстандық орындаушының шеберлігіне тамсанған грек интеллигенциясы ду қол ілтипаттарын еш жасырмады.
ҚР Халық әртісі өткен жеке концерті грек астанасының музыкалық өміріндегі елеулі шарасына айналып, Қазақстан мен Грекия арасындағы өзара түсінушілік негізін күшейте түсті.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз хабарламасы
[xfvalue_img]