Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның басшылығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыста Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың министрліктің 2024 жылғы жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды. Ол ведомствоның басты міндеті сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарды ілгерілету және әлемдік аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау болып табылатынын атап өтті.

Ә.Бақаев экономикалық дипломатияға және инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатқа ерекше назар аударды. Өткен жылы Қазақстан 15,7 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестициялар тартты. Еліміздің үлесіне Орталық Азиядағы барлық тартылған инвестициялардың 63 пайызы тиесілі.

Қазақстандық төлқұжаттың мәртебесін арттыру бойынша белсенді жұмыс жалғасып, еліміз «Global Passport Power Rank 2025» рейтингінде 51-ші орынды иеленді, деп атап өтті министрдің орынбасары.

Іс-шарада Қоғамдық кеңес мүшелерінің Сыртқы істер министрлігі мен оның шет елдердегі мекемелерінің азаматтардан түсетін өтініштерімен жұмысына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы есептері тыңдалды.

Бұл мәселе бойынша СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков баяндама жасады. Ол консулдық қызметтің негізгі міндеті шетелдегі қазақстандықтардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қорғау екенін атап өтті. ҚР СІМ-ге консулдық мәселелер бойынша келіп түскен 100 мыңға жуық өтініштің 99,9%-ы қанағаттандырылды. Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында «е-Otinish» жүйесіне еліміздің 95 шетелдік мекемесі қосылған.

Отырыс барысында ҚР заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы да талқыланды. Бұл мәселе бойынша заң қызметі және халықаралық құқық департаменттер директорларының есептері тыңдалды.

Отырысқа қатысушылар Қоғамдық кеңестің 2025 жылға арналған жоспарын бекітті.

Кездесу соңында қоғам белсенділері Министрлік жұмысының түрлі бағыттары бойынша практикалық ұсыныстар берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.