Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын Әзербайжанға тапсырды

Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын Әзербайжанға тапсырды

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 7-ші Сыртқы істер министрлерінің отырысы онлайн форматта өтіп, оның барысында Қазақстан Республикасы ұйымдағы төрағалығын ресми түрде Әзербайжан Республикасына тапсырды.

Іс-шара барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның төрағалығы кезіндегі АӨСШК-тің негізгі жетістіктерін атап өтіп, ұйымның төрт жылдық жұмысын қорытындылады.

Атап айтқанда, 2022 жылғы қазанда Астанада өткен АӨСШК 6-шы Саммитінің қорытындысы бойынша іске қосылған трансформация үдерісіне ерекше назар аударылды. 2023 жылғы қыркүйекте қабылданған Трансформация жөніндегі жол картасына сәйкес, Қазақстан төрағалығы Кеңес Жарғысының жобасын әзірлеп, келістіру үдерісін бастады. Аталған кезеңде Қазақстан Талдау орталықтар форумы, Даналар кеңесі және АӨСШК қоры сияқты үш жаңа органның ашылуына бастамашылық етті.

Сонымен қатар, М. Нұртілеу өз сөзінде өңірлік транзит-көліктік өзара байланыс, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтарын атап өтті.

Министр Қазақстан АӨСШК-тің бұдан әрі дамуына бейілді екенін растап, оның бірегей форматы мен географиясын ескере отырып, Кеңестің елеулі перспективалары мен зор болашағына сенім білдірді.

Отырыс барысында қатысушылар мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясының 25-жылдығы туралы мәлімдеме, Сенім шараларын жүзеге асыру модальділігі туралы шешім, Сенім шараларының жаңартылған каталогы сияқты бірқатар құжаттарды қабылдады. Сондай-ақ АӨСШК мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің Серіктестік желісін іске қосты.

Іс-шара қорытындысы бойынша мүше мемлекеттер АӨСШК-тегі қазақстандық төрағалықтың жұмысына жоғары баға беріп, Кеңесті институттандырудағы айтарлықтай жетістіктерін атап өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қытай, Пәкістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа да мүше мемлекеттер мен байқаушы елдердің сыртқы саяси ведомстволары басшылары, сонымен қатар БҰҰ, Халықаралық көші-қон ұйымы, Араб мемлекеттері Лигасы, ТүркПА, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, ШЫҰ, ЕЭК және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы сияқты 9 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.