Диалогты және әріптестіктің жаңа бағыттарын тереңдету Қазақстан мен Германия арасындағы саяси консультациялардың күн тәртібінде

Диалогты және әріптестіктің жаңа бағыттарын тереңдету Қазақстан мен Германия арасындағы саяси консультациялардың күн тәртібінде

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уәкілі Конрад Х. Арц Фон Штрауссенбургпен Қазақстан мен Германия арасындағы диалогты және әріптестіктің жаңа бағыттарын тереңдету мәселелері саяси консультациялардың кезекті раундында қарастырылды.

Тараптар екіжақты саяси, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Консультациялар барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйекте Берлинге және Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтың осы жылдың қыркүйегінде Астанаға жасаған сапарлары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша өткен жылы атқарылған бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды. 

Келіссөздердің негізгі лейтмотиві өсіп келе жатқан саяси байланыстар мен сауда-экономикалық көрсеткіштерде, сондай-ақ сыртқы саяси бастамаларды өзара қолдауда және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ұстанымдардың ұқсастығында көрінетін Қазақ-Герман әріптестігінің үдемелі динамикасы болды. «Бүгін екі ел арасындағы қарым – қатынас жоғары сенім, құрмет пен өзара тиімді әріптестіктің үлгісі болып табылады», - деп атап өтті Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Р. Василенко ҚР Үкіметі жанындағы Германиямен стратегиялық экономикалық әріптестік жөніндегі жұмыс тобы, Қазақ-герман іскерлік кеңесі, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобы, Берлин Еуразиялық клубы, Қазақстанда тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі Үкіметаралық комиссия және т.б. сияқты екіжақты ынтымақтастық тетіктерінің жоғары тиімділігін атап өтті.

ГФР СІМ Уәкілі К.Х. Арц фон Штрауссенбургтың айтуынша, Германия Қазақстанмен ынтымақтастыққа зор мән беріп, парламентаралық диалогты ілгерілетуге, қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейтуге, «жасыл сутегі» өндірісін қоса алғанда энергетика секторындағы, сондай-ақ экономикалық әріптестіктің басқа да бағыттарындағы белсенді өзара іс-қимылды қолдауға мүдделі.

Екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, оның ішінде су мәселесі мен климатты қорғау, денсаулық сақтау және дуалды білім беруді қоса алғанда, ынтымақтастықты тереңдету үшін үлкен әлеуеті бар салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Дипломаттар Орталық Азия Мемлекеттері басшылары мен Германияның Федералдық канцлерінің Астанада Канцлер О. Шольцтың сапары аясында өткен екінші кездесуінің қорытындыларын оң бағалады. Сонымен қатар, консультацияларға қатысушылар Германияның «жасыл Орталық Азия» бастамасын іске асыруға және Орталық Азия мен Германия арасындағы стратегиялық өңірлік әріптестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты пікір алмасты.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі бастаманы және ЕҚЫҰ-ның барлық өлшемдері бойынша өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, ЕО-мен өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Берлин арасындағы өзара тиімді диалогты одан әрі тереңдету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Анықтама ретінде: 2023 жылы ҚР-дың ГФР-мен тауар айналымы 3,9 млрд АҚШ доллар құрады (экспорт – 742,3 млн, импорт – 3,2 млрд); ү.ж. жылдың 9 айда – 3 млрд (импорт – 2,1 млрд, экспорт – 882,1 млн). 2005 жылдан бастап ГФР-дан ҚР-ға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 6,9 млрд АҚШ доллар құрайды. ҚР-да герман капиталының қатысуымен 752-ден астам кәсіпорын тіркелген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.