Қазақстан СІМ-де БҰҰ-ның 1325 (2000) «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» резолюциясы аясындағы жұмыс барысы таныстырылды

Қазақстан СІМ-де БҰҰ-ның 1325 (2000) «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» резолюциясы аясындағы жұмыс барысы таныстырылды

Астана, 2024 жылғы 1 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, дипломатиялық корпус өкілдерінің басшыларына арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарын орындау және Қазақстандағы әйелдер құқықтарын кеңейту мәселелері бойынша брифинг өтті.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарын Қазақстанда ілгерілетудің негізгі тұстарына, сондай-ақ еліміздегі әйелдердің құқықтарын кеңейту жұмыстарына тоқталды.

Жаңа бағыттардың қатарында қазақ дипломаты «Бітімгершілік оқу орталығы» (КАЗЦЕНТ) базасында гендерлік мәселелер және азаматтарды қорғау бойынша әскери әйел кеңесшілерді даярлауды, гендерлік сезімталдық қағидасы негізінде әйелдерді басшылық қызметке тағайындауды, сонымен қатар халықаралық келіссөздерге дипломатиядағы әйелдерді персоналын қосуды атап өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов өз сөзінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық салада гендерлік мәселелерді ілгерілетуді атап өтіп, 2021 жылы Қазақстанның «Ұрпақ теңдігі» (Generation Equality) жаһандық форумы аясында гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу және экономикалық әділеттілік пен құқықтарды ілгерілету жөніндегі екі әрекет коалициясына қосылғанына назар аударды.

Сонымен қатар брифинг барысында Еуропа және Орталық Азиядағы БҰҰ-Әйелдер құрылымы, ЕҚЫҰ-ның өкілдері және мүдделі ҚР мемлекеттік органдардың өкілдері 1325 қарарының орындалуы бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру жайлы баяндама жасады.

Мәселен, ҚР Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Бітімгершілік қызметі басқармасының бастығы Азамат Сисатовтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның қарулы күштерінде 6 802 әйел қызмет етеді, оның ішінде 863 офицер. Олардың ішінде 31 полковник, 112 подполковник, 235 майор, 203 капитан, 173 аға лейтенант және 109 подполковник бар.

ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының өкілі Римма Шәкеева Батыс Сахарада референдум өткізу жөніндегі БҰҰ бітімгершілік миссиясындағы (MINURSO) тәжірибесімен бөлісті.

«Әйелдер әскери, полиция және азаматтық персонал ретінде бітімгершіліктің барлық аспектілеріне қатысады және бітімгершілік ортасына оң әсер етеді, әсіресе бейбітшілікті нығайту барысында әйелдердің құқықтарын қорғауға ықпал етеді. Бітімгер-әйелдер ер әріптестері сияқты қызметті бірдей деңгейде және қиын жағдайда атқаруға қабілетті екенін дәлелдеді», – деді Р.Шәкеева.

Брифинг барысында әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлін нығайтудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы аталып өтті. Қатысушылар Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер құқықтарын ұлттық және өңірлік деңгейде ілгерілету жөніндегі халықаралық күш-жігерін жоғары бағалады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.