Астанада ҚР мен ЕО арасындағы көлік-транзиттік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды

Астанада ҚР мен ЕО арасындағы көлік-транзиттік саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева Еуропалық Комиссияның жоғары сыныпты Кеңесшісі Хенрик Хололеймен Қазақстан және Еуропалық Одақ арасындағы көлік-транзиттік ынтымақтастықты іс жүзінде дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Қазақстан-Еуропа қатынастарының серпінді дамуын құптай отырып, тараптар Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін іске асыру, Орталық Азия мен Кавказ өңірі елдерінің көлік секторларын үйлестіруді арттыру, авиациялық ынтымақтастықты ілгерілету арқылы Азия мен Еуропа нарықтары арасындағы транзиттік дәліздерді әртараптандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылады.

Министрдің орынбасары Мемлекет басшысының жыл сайынғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған елдің көлік саласын дамытудың стратегиялық көзқарасы, атап айтқанда, ірі темір жол жобаларын іске асыру және жаңа логистикалық орындар салу арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ өңір елдерімен және «Орта дәліз» қатысушыларымен сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі құру жөніндегі міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Х. Хололей ҚР аумағында тораптық транзиттік хабты дамыту жөніндегі бастамаларға қолдау білдіріп, ҚР мен ЕО арасындағы сенімді саяси диалог пен экономикалық қатынастар көлік-логистикалық ынтымақтастық үшін оң іргетас болып табылатынын атап өтті.

«Еуроодақ Қазақстанның көлік-логистикалық хабқа айналуының өршіл стратегиясын құптайды және инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға, сондай-ақ жеке инвесторларды тартуға мүдделі», – деді еуропалық дипломат.

Сондай-ақ, тараптар Еуропадағы қайта құру және даму банкі  Еуропалық Одақтың тиісті зерттеуінде ұсынылған Орталық Азия мен ЕО арасындағы көлік байланысын дамыту жөніндегі шараларды егжей-тегжейлі талқылады.

Мәселен, 2023 жылғы 18-19 мамырда Алматыда өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ экономикалық форумы» барысында жарияланған құжатта Орталық Азияның қазіргі және әлеуетті дәліздеріне баға беріліп, өңірдің бес Республикасы мен ЕО Трансеуропалық көлік желісі (TEN-T, the Trans-European Transport Network, ЕО-ға мүше 27 мемлекетті, сондай-ақ Батыс Балқан, Шығыс серіктестік елдері және Түркияны қамтиды) арасындағы ең оңтайлы көлік байланысы ұсынылды.

Еурокомиссияның кеңесшісі зерттеу шаралары мен жобаларын іске асыру Орталық Азиядағы халықаралық және өңірішілік транзиттің елеулі көрсеткіштеріне қол жеткізуге, өңірішілік сауданы дамытуға және өңірдің дәліздері бойында өнеркәсіптік кәсіпорындар құруға, сондай-ақ бес елдің инфрақұрылымдық қуатын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.