ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Венаға сапары Қазақстанның халықаралық ұйымдармен және Аустриямен қарым қатынасын одан әрі нығайтуға ықпал етуде

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Венаға сапары Қазақстанның халықаралық ұйымдармен және Аустриямен қарым қатынасын одан әрі нығайтуға ықпал етуде

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров ү.ж. 13-17 наурыз аралығында Аустрия астанасында өтіп жатқан БҰҰ-ның Есірткі заттары жөніндегі комиссиясының 66-шы сессиясының ашылуына қатысты. Біздің еліміз 2020-2023 жылдары Комиссияның мүшесі бола отырып, халықаралық есірткі бақылау режиміне қатысты мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысады.

Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде қазіргі таңда, әсіресе жаһандық және өңірлік тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында өңірлік бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Осы бастамалардың бірі ретінде 2010 жылы құрылып, Алматы қаласында орналасқан Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық және үйлестіру орталығын назарға алды.

Аталған Орталық есірткіге қарсы 50-ден астам операцияларды үйлестіруге жәрдемдесіп, нәтижесінде 700 келіден астам ауыр есірткі жойылды және трансұлттық қылмыстық топтардың 50-ден астам мүшесі қамауға алынды. Қазақстан ұйымның қызметі туралы хабардарлықты арттыру мақсатында Комиссия отырысы аясында қатар өтетін іс-шараны Орталықпен бірлесіп ұйымдастырды.

Сонымен қатар Комиссия отырысы аясында Қазақстан тарапы ШЫҰ мен БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының бірлескен іс-шарасына қатысып, баяндама жасады.

Сол күні Қ. Омаров Аустрия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Петер Лаунски-Тиффентальмен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін және әртүрлі салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Жоғары және аса жоғары деңгейде өзара сапарларды ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Аустриялық дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы, сондай-ақ алдағы кезектен тыс парламенттік сайлауы туралы хабардар етілді.

Тараптар халықаралық өзекті мәселелер бойынша да «сағаттарын теңестірді».

Өз кезегінде П. Лаунски-Тиффенталь еліміздегі өзгерістерді құптай отырып, елдер арасындағы ынтымақтастықтың келешегін жоғары бағалады. Ол Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы, оның ішінде ЕҚЫҰ-дағы белсенді жұмысын және еліміздің халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге теңдестірілген көзқарасын атап өтті.

Кездесу нәтижесінде Астана мен Вена арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан делегациясы Комиссияның 66-шы сессиясы аясында жұмысын жалғастыруда. Сонымен бірге, Венада орналасқан халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер жоспарланған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.