Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары Нұр-Сұлтанда кездесу өткізді
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының алдағы кеңесі шеңберінде түрікмен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Нұр-Сұлтан мен Ашхабадтың достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге өзара ниетін растады. Көпжақты құрылымдардағы өзара іс-қимыл, оның ішінде алдағы халықаралық және өңірлік іс-шараларға жоғары және аса жоғары деңгейлерде қатысу мәселелері қаралды.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/385033?lang=kk
[xfvalue_img]