Сенаторлар ҚР-дағы БҰҰ Даму бағдарламасының басшылығымен кездесті

Сенаторлар ҚР-дағы БҰҰ Даму бағдарламасының басшылығымен кездесті

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времишпен кездесті.

Кездесуді ашқан салалық комитеттің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Біріккен Ұлттар Ұйымы барлық елдерді толғандыратын проблемаларға тиімді жауап беретін ерекше ұйым болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастыққа айрықша назар аударатынын атап өтті.

«Қазақстан БҰҰ ДБ-ның Нұр-Сұлтандағы кеңсесінің ауқымды үлесін жоғары бағалайды. Біз ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, атап айтқанда, таяудағы бес жылға даму мақсаты аясында БҰҰ-ның елдік әріптестік жөніндегі жаңа Негіздемелік бағдарламасын табысты жүзеге асыруға мүдделіміз», - деді сенатор.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан Парламентінің Орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы рөлін талқылады. Сенатор Құл-Мұхаммед ұлттық бағдарламалардың 80%-ы ОДМ-ға сәйкес келтірілгенін, яғни еліміздің стратегиялық құжаттарына кіріктірілгенін айтты. Депутат бұл Қазақстанды әлемнің дамуына өз үлесін қосатын әлемдік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде сипаттайтынын атап өтті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед сонымен қатар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясына қарар жобасын әзірлеу жоспары туралы айтып берді. Онда ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің 2030 жылға дейінгі кезеңге даму саласындағы күн тәртібі бойынша міндеттемелерді орындау және Орнықты даму мақсаттарын іске асырудың маңызы атап өтілетін болады.

Виталий Времиш өз кезегінде біздің елмен ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен ұлттық құжаттардың Орнықты даму мақсаттарына кіріктірілгенін айта келіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрын айтылған саяси бастамалары БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Негіздемелік бағдарламасымен сәйкес келетініне тоқталды. Сөзінің соңында ол адамның дамуы мен оның құқықтары, гендерлік теңдік және экологиялық тұрақтылық сияқты тақырыптағы бағыттарды іске асыруды көздейтін қарар жобасын бірлесіп әзірлеуге дайын екенін айтты.

Сенаттың Баспасөз қызметі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.