Қазақстан Елшісі Бангладеш Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстанның Үндістандағы және Бангладеш Халық Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Нұрлан Жалғасбаев Бангладеш Президенті Абдул Хамидке сенім грамоталарын тапсырды.
«Бангабхабан» президенттік сарайында өткен сұхбат барысында Н.Жалғасбаев Бангладеш басшысы мен халқына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.
Сонымен қатар, Елші БХР Президентін Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып өтті.
Тараптар АӨСШК және ИЫҰ шеңберіндегі өзара ықпалдастықты қоса алғанда, екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары туралы пікір алмасты. А.Хамид Қазақстан сыртқы саясатының басымдықтары және елімізде жүргізіліп жатқан ішкі саяси және экономикалық өзгерістермен хабардар болды.
Әңгімелесу қорытындылары бойынша Нұр-Сұлтан мен Дакканың екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігі аталып өтті.
[xfvalue_img]