МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЕЛОРДАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов пен Юрий Ли елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамымен кездесті.
Кездесу барысында халық қалаулысы Сауытбек Әбдірахманов мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқтала келе, өскелең ұрпақ өкілдерін еңбексүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды» құру идеясы төңірегінде бірігіп, елдің өркендеуі жолында аянбай қызмет ету қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде мәжілісмен Юрий Ли интернет-алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы, «Стоп-коллектор» жобасы туралы, оның міндеттеріне коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттері кезінде қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау кіретіні жөнінде толық ақпарат беріп өтті.
Кездесу барысында депутаттар этномәдени бірлестік өкілдерінің қойған бірқатар сұрақтарына жауап бере отырып, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттаудағы одан арғы жоспарларымен бөлісті.
Жиынға этномәдени бірлестік басшылары, жастар қанатының өкілдері, журналистер клубы, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА Медиа-орталығының өкілдері қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
14 пікір