Министр М. Тілеубердінің Қытай және Қырғызстан СІМ басшыларымен екіжақты кездесулері туралы

Министр М. Тілеубердінің Қытай және Қырғызстан СІМ басшыларымен екіжақты кездесулері туралы

 

«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің 2-ші отырысы шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И және Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен бөлек келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер барысында ҚР және ҚХР СІМ басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Министрлер халықаралық өзекті мәселелер бойынша  «сағаттарды теңестірді». Жоғары және аса жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыру қажеттілігі, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

«Біздің елдеріміз пандемия кезінде жоғары сенім деңгейіне толық адалдығын көрсетті. Өзара қолдау қиын сәттерде екі ел арасындағы шынайы достық қарым-қатынастың үлгісі болды», - деп атап өтті М.Тілеуберді.

Қазақстан СІМ басшысы өзінің әріптесін ҚР Үкіметінің COVID-19 пандемиясымен күрестегі шаралары және отандық QazVac вакцинасын қолданудың басталуы туралы хабардар етті. Қазақстан Қытайдың коронавирустық індетке қарсы күрестегі шешуші шараларын жоғары бағалады.

ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастар Қытай дипломатиясындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Қытай Қазақстанмен барлық салада екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету мәселелері бойынша жұмыс істеуге дайын екенін баса айтты.

Министр Р.Казакбаевпен екіжақты кездесу барысында тараптар саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде екіжақты тауар айналымын ұлғайту, өзара инвестицияларды қорғау және су-энергетика саласындағы ынтымақтастық жолдарын талқылады. Орталық Азиядағы ахуал, халықаралық және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл туралы жан-жақты пікір алмасылды.

М.Тілеуберді елдер арасындағы сенімді және құрметті қатынастар алдағы уақытта да біздің елдеріміздің стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету, барлық салаларда сындарлы диалогты өсіру үшін берік негіз болатынын атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Xxwsmm 4 июня 2022 16:11

    buy generic plaquenil 200mg - <a href="https://baricitinib.store/">baricitinib 4mg without prescription</a> buy baricitinib 4mg without prescription

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.