Пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті » Страница 2 » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті

Пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті

Арал аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында аудандық пробация қызметінің есебіндегі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған азаматтармен кездесу өтті.Кездесуге аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Н.Тасқынбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ж.Утегенов және Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Кездесу барысында сотталғандарға жаза өтеу барысында пробация қызметімен белгіленген тәртіппен сот жүктеген міндеттерді сақтап, заң талаптарын орындауға шақырды.

Сонымен қоса Жастар ресурстық орталығының мамандары пробация есебіндегі 29жасқа дейінгі азаматтарға орталықтан әлеуметтік-құқықтық, психологиялық  көмек, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру бағытында тиісті көмектерді көрсететіндігін жеткізді. Жиын соңында сотталғандар сала мамандарына сұрақтарын қойып,тұщымды жауаптарын алды.

«Жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу мақсатында өткізілген кездесуге пробация есебіндегі 29 жасқа дейінгі  13 сотталған қатысты. Аудандық жастар ресустық орталығымен меморандум бар. Алдағы уақытта осы меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, әр-түрлі көмек түрлерін көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыратын боламыз», - деді аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі С.Сейталиев.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

32 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.