Қалдықтарды қайта өңдеу және жою бойынша отандық кәсіпорын ЖШС «Экотерра» мемлекеттік органдар тарапынан бірнеше тексерулер көруде.
2019 жылдың 4 ақпанында ЖШС «Экотерра» басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл шарада Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті тарапынан жүргізілген тексеру барысында туындаған мәселелер туралы сот қозғалды.
ЖШС «Экотерра» басшысы – Кушмаганбетов Сайлау Сериковичтың айтуы бойынша осы отбасылық кәсіпорынды құрғандарына 10 жылдай болыпты. Экологиялық заңнаманы сақтау туралы тексерулер қортындысы бойынша «Экоторра» ЖШС 2016 жылдың қараша, желтоқсан айлары және 2017 жылы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беруде белгіленген нормативтерден қалдықтарды асыра қайта өңдеп, соған сәйкес жайғастырғаны анықталды. Қазіргі уақытта «Экотерра» ЖШС Маңғыстау облысы бойынша экология департаментімен облыстың бірінші және апелляциялық инстанциялардағы сотының шешімі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотта шағымдалған тексеру актісі бойынша іс негіссіз тоқтатылды. Оған қоса, тексеру актісі негізінде облыстық мемлекеттік кірістер органдарынан «Экотеррра» ЖШС- не жалпы сомасы 4,1 млрд.теңге қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы сомасын өндіріп алу туралы 4 (төрт) хабарлама жіберілді.
Компания басшылығы айтылған наразылықтарымен келіспей отыр және бұл айыптау басқа кәсіпорынның мүдделеріне бағытталған деп санайды.
«Біздің компаниямыз – өз саласында бірегей кәсіпорын, өйткені Қазақстанда мұндай кәсіпорындар жоқ. Еліміздің аумағында миллиардтаған тонна өнеркәсіп қалдықтары жиналып жерленген. Біздің компания өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеумен айналысады, соның салдарынан миллиондаған тонна өңделген қалдықтар қайта пайдаланылады, бұл облыстың экологиясына оң әсер етеді. Бірақ, өкінішке орай, біздің жұмысымызға кедергі келтіретіндер бар, қалдықтарды жою нарығынан біздің компанияны кетіру үшін кәсіпорынға бұрын, соңды болмаған қысым көрсетіледі» - деді «Экотерра» ЖШС нің басшысы Сайлау Құшмағанбетов.
«Экотерра» ЖШС өз проблемасына қоғамның назарын аударуды көздейді, себебі компанияда 200 адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Егер Жоғарғы сот айыптаушы экология департаментінің шешімдерін қолдаса, жұмысшылардың әрқайсысы жұмыссыз қалуы мүмкін. Жұмысшылардың айлық жалақысы 150 000-200 000 теңгені құрайды. Қазіргі таңда «Экотерра» ЖШС ның басшылары жұмысшылардың жұмыссыз қалуына алаңдаулы.
Мадина Жатқанбаева
[xfvalue_img]
34 пікір