Бас прокуратураның делегациясы Түркияда өткен халықаралық конференцияға қатысты
А.ж. 2-4 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері Түркия Республикасы Стамбул қаласында өткен «Цифрландыру дәуіріндегі тиімді тергеулер» тақырыбындағы Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 1-жалпыеуропалық өңірлік конференцияға қатысты.
Конференцияда 32 елден келген прокурорлар цифрландырудың тергеулерге әсерін талқылады, сондай-ақ әріптестер алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша білімдерімен және тәжірибелерімен алмасты.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркияның қылмыстық қудалау желісі бойынша екіжақты келісімдері шеңберінде (15.08.1995 ж. және 04.07.2013ж.) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Ж. Өмірәлиев Түркияның Бас Прокуроры Б. Шахинмен кездесті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көпжылдық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, оны одан әрі нығайту туралы келісті.
[xfvalue_img]
33 пікір