МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ-АДАЛ БИЗНЕС: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРІ АГРОХОЛДИНГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЛІСІМ ЖАСАСТЫ
2018 жылы Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасы бойынша «Protecting Business and Investments» жобасы басталды. Жобалық кеңсе «Kazakh Invest» АҚ «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының, сондай- ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен құрылды.
Оның негізгі мақсаты бизнес-орталық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен тап болған кезде инвесторлар мен кәсіпкерлерге көмек көрсету болып табылады.
Мұндай әріптестіктің маңызды бастау нүктелерінің бірі бизнес өкілдермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қою болып табылады.
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қуаныш Бекбасовтың айтуынша,- «Бүгінгі таңда осындай 50 сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойылды, сүйемелденетін компаниялардың инвестициялық портфелі 364 млрд». Сондай- ақ, ол биылғы жылдың өзінде кәсіпкердің 30- ға жуық өтініші қабылданды, олардың басым бөлігі шешілгенін,- «Біз өз кезегімізде, мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, Бизнестің өзін қауіпсіз сезінуі және лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қол сұғу объектісіне айналмауы үшін барынша күш саламыз»,- деп түйіндеді сөзінің соңын Бекбасов. Мұндай серіктестікке жақында Қазақстандағы ең ірі агрохолдингтердің бірі «Олжа Агро»ЖШС қосылды. Бүгінде Холдинг жеті мыңнан астам жұмыс орнын қамтумен қамтамасыз етілді, ал бюджетке жыл сайынғы аударымдар 3млрд. теңгеден асады.
Осы келісім шеңберінде жауапты мемлекеттік органдар ЖШС қызметіне құқықтық және заңдық қолдау көрсетеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауынан бизнестің осы секторына қолдау көрсететін болады.
Келісімге қол қоюдың ресми рәсімі аясында «ОЛЖА Агро»ЖШС Бас директоры Айдарбек Ходжаназаров бизнесті жүргізуде адалдық, әділдік және сенім- басты қағидаттар екенін атап өтті.
«Осы қағидаттарды ұстану бастапқы кезеңде-ақ дұрыс серіктестікті құруға мүмкіндік береді және салауатты бәсекелестік туғызады. Сондықтан адалдық пен парасаттылық сияқты қасиеттерге сүйене отырып, мемлекеттік органдармен де, бәсекелес органдармен де серіктестік құруға болады»- деп қорытындылады Айдарбек Ходжаназаров.
Өз кезегінде, жобалық кеңесінің өкілдері Азаматтарға кәсіпкерлер құқықтарын бұзылу фактілері бойынша ақпаратты «Protecting Business and Investments» жобалық кеңесіне телефон нөмірі арқылы хабарлауға болатындығын еске салады:(54-46-24, +7 776 555 1424), немесе Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығына.
[xfvalue_img]
34 пікір