Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттің  өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі аса маңызды екендігін көрсетіп отыр.

            Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Осы орайда тұңғыш елбасымыз ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызмет саласында бірқатар реформалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл реформалардың басты мақсаты – автономды, шағын, нәтижеге бағытталған, қоғамның сұраныстарына жауап бере алатын кәсіби мемлекеттік аппарат құру.  

            Ұлт жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң қабылданып, мемлекеттік аппараттың қызметін үйлестіретін заңнамалық база толығымен жаңартылды, меритократия принципіне негізделген мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне ауыстырылды. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметкердің беделі артып, мемлекеттік аппаратта жұмыс істеуге ниет білдірушілердің қатары жас мемлекеттік қызметшілер көбейіп келеді.

            Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.

            Қазіргідей күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екендігін ескерсек, бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілер басқаларға өзінің ісімен, білім-білігімен, тәжірибесімен ғана емес, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлығымен, отан сүйгіштігімен, қызметте қажыр-қайратымен және кез-келген ортада үлгі болуы керек.

            Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы болып табылатын жаңа Әдеп жөніндегі кодексі, бұл — жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық, сатылмаушылық сияқты принциптерді ұстану керектігі басты орында тұрады.

            Ең негізгісі, мемлекеттік қызметшілер халықтың сенімін ақтап, Отанға қызмет етуі керек. Сонда ғана біз дамыған отыз елдің қатарына енеміз. Мемлекеттік қызметкерлердің көтеретін жүгі ауыр.

            Соған қарамастан олар күндіз-түні елге адал қызмет етіп келеді. Мемлекеттік қызметші болу зор жауапкершілікті, абыройлы міндетті жүктейтіні сырт қараған адамға байқала бермейтіні рас. Оған лайық болуың үшін бойыңда кәсіби біліктілігіңнен бөлек адами құндылығың да жоғары болуы тиіс.

            Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналды.

            Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететініміз анық.

            Жалпы мемлекеттік қызмет жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым болып табылады. Бүгінде әрбір арнайы-орта және жоғары білімі бар жас мамандарға мемлекеттік қызметке келу үшін оңай жағдай жасалған. Бұл қызмет түрі үміткерден небәрі жеткілікті білімді, құқықтық сауаттылықты, өнегелі тәртіпті, адалдық пен ар-намыс тазалығын талап етеді.

            Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы, ол өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүріп, кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай, әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстауға тәрбиелеу керек.

             «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады»- деген Елбасының сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс деп білемін.

БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс-жүргізушісі

Ж.М.Бақтыгерей

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

647 пікір

  1. аватар
    Roland 7 февраля 2022 12:13

    Thank you, I have recently been looking for info about this subject for a while and
    yours is the best I have discovered till now. However, what concerning the bottom line?
    Are you certain in regards to the source?

    Here is my homepage - notes.io

  2. аватар
    Lesley 7 февраля 2022 12:56

    Howdy! I understand this is somewhat off-topic but I needed to ask.

    Does running a well-established blog such as yours take a lot of work?

    I'm brand new to blogging but I do write
    in my diary daily. I'd like to start a blog so I will
    be able to share my own experience and views online. Please let me know if
    you have any recommendations or tips for new aspiring bloggers.
    Appreciate it!

    Here is my website; https://trade-britanica.trade/wiki/Minecraft_Java_Edition_Free_Download_The_str
    aightforward_Manner

  3. аватар
    Amparo 7 февраля 2022 13:19

    Its like you read my mind! You appear to understand
    so much approximately this, like you wrote the guide in it
    or something. I think that you simply could do with a few percent to power
    the message home a little bit, however instead of that,
    that is magnificent blog. A fantastic read. I will certainly be
    back.

    Feel free to visit my website ... marvelvsdc.faith

  4. аватар
    Kellie 7 февраля 2022 18:54

    Please let me know if you're looking for a author for your weblog.
    You have some really great articles and I believe I would
    be a good asset. If you ever want to take some of the load off, I'd really like to write some content for your blog
    in exchange for a link back to mine. Please send me an email if
    interested. Thanks!

    Here is my web blog :: lexsrv3.nlm.nih.gov

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.